Цеснабанкте кредиттеу қарқыны артып келеді

«Цеснабанк» АҚ-қа жаңа акционердің келуіне және сауықтыру жүргізілуіне байланысты 2019 ж. ақпан айының қорытындысы бойынша кредиттеу көлемі өткен аймен салыстырғанда 7 есеге артқан.

Банктегі кредиттеудің өсуі басым жағдайда корпоративтік бизнес және ШОБ секторларындағы қызмет көрсетуге сұраныстың артуына байланысты жүзеге асырылуда.

«Кредиттеу көлемінің жағымды динамикасы клиенттер тарапынан Банкке деген сенімнің артқанын дәлелдейді және біз, наурыз айында бұл көрсеткіштің бұдан әрі артатынына сенімдіміз, - деді «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы Бекжан Пірматов. Сондай-ақ, біз кредиттік өнімдерді дамыту және клиенттеріміз үшін олардың тиімділігін арттыру жолында белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыратын боламыз, -деп Басқарма Төрағасы ойын түйіндеді».

Сонымен қатар Банк кредиттік өнімдердің кең спектрін ұсынатынын атап өткен жөн. Аталған өнімдер жөнінде банктің ресми сайтынан https://www.tsb.kz/kz/individuals/credits немесе 7711 қысқа нөмірі бойынша call-center-ге хабарласу арқылы біле аласыздар.

«First Heartland Securities» АҚ (бұдан әрі – FHS) ақпан айының басында «Цеснабанк» АҚ жай акцияларының 99, 5% сатып алу жөніндегі мәміле шеңберіндегі өз міндеттемелеріне сәйкес Банкті қосымша 70 млрд. теңге сомасына капиталдандырғанын естеріңізге саламыз. Соның нәтижесінде, Цеснабанк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтері мен талаптарына толық сәйкес келеді.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады