«Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» акционерлерінің бірлескен Жалпы жиналысы

«Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, Z05K7B0, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан «Цеснабанк» акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – «Цеснабанк» АҚ) «Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» акционерлеріне 2019 жылдың 15 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де «Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» акционерлерінің бірлескен Жалпы жиналысының (бұдан әрі – бірлескен АЖЖ) мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: 
Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24.

Жиналыс «Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Бірлескен АЖЖ күн тәртібі «Цеснабанк» АҚ және «First Heartland Bank» Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1.«First Heartland Bank» АҚ -тың «Цеснабанк» АҚ-қа қосылуы туралы;

2. Акцияларды айырбастау коэффициентін мақұлдау жөнінде;

3. First Heartland Bank» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ-қа қосылу туралы Шартты мақұлдау жөнінде.

Бірлескен АЖЖ қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні - 2019 жылғы 15 сәуір (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 24, 1011-кабинет.

Бірлескен АЖЖ қатысушыларды тіркеу жиналыс басталуға 1 (Бір) сағат қалғанда жүргізіледі.

Бірлескен АЖЖ қатысушыларды тіркеу бірлескен АЖЖ басталуына дейін 15 (Он бес) минут қалғанда аяқталады.

Кворум болмаған жағдайда бірлескен АЖЖ қайталама бірлескен АЖЖ 2019 жылдың «16» мамырында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 24.

Бірлескен АЖЖ өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Цеснабанк» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: http://www.tsb.kz/.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Өтініш

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады