«First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, Z05K7B0, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Сығанақ к-сі, 24) 13.05.2003 ж. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 1- т. сәйкес «First Heartland Securities» акционерлік қоғамының «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың дауыс құқығын беретін жай акцияларының 99,8% бағалы қағаздардың қайталама нарығынан сатып алу нәтижесінде, 2019 жылдың 08 мамырында «First Heartland Securities» (бұдан әрі – «Қоғам») Директорлар кеңесінің «First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің қалғандарынан дауыс құқығын беретін акцияларын сатып алу бойынша талап қою құқығын іске асыру шешімі қабылданғанын хабарлайды.
Қоғамның атауы: «First Heartland Securities» акционерлік қоғамы
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 162 «А»/2
Қоғамға тиесілі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ дауыс құқығын беретін акцияларының саны: 120 991 875 (жүз жиырма миллион тоғыз жүз тоқсан бір мың сегіз жүз жетпіс бес) дана, бұл 99,8% құрайды
«First Heartland Jýsan Bank»АҚ дауыс құқығын беретін акцияларының болжамды сатып алу бағасы: 1 641 (бір мың алты жүз қырық бір) теңге.