Jýsan Bank бөліп төлеу картасын іске қосты

15 қыркүйек 2020 ж., Алматы. – Jýsan Bank кез келген дүкенде кез келген тауар немесе қызметті сатып алу кезінде қолдануға болатын бөліп төлеу картасын іске қосты. Барлық сатып алулар қандай да бір артық төлемдерсіз, комиссиялар мен пайызсыз бөліп төлеу арқылы төленеді.

Бөліп төлеу картасы қалай жұмыс істейді?

Jýsan Bank-тің бөліп төлеу картасын 20 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін белгіленген лимит шегінде барлық жерде пайдалануға болады. Бөліп төлеу мерзімі үш айдан он екі айға дейін болуы мүмкін. 

«Біздің бөліп төлеу картамыз Қазақстандағы және оның аумағынан тыс кез келген дүкенде, оның ішінде интернетте де жұмыс істейді. Сатып алуларға шектеу жоқ, сізге картаны қабылдайтын серіктесті іздеудің қажеті жоқ –кез келген банктің POS-терминалы болса жеткілікті. Біз тіпті арнайы #БарлығынаБөліпТөлеу хэштегін іске қостық, – деп Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып жаңа картаның жұмыс істеу қағидатын түсіндіріп өтті. 

Картаны 21-63 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары шығара алады. 

Ақысы қандай болмақ?

3 айға дейінгі сатып алуларға картаға қызмет көрсету үшін комиссиялар алынбайды, бөліп төлеу тегін ұсынылады. Оған қоса, әр сатып алу үшін жеке мерзім белгілеу мүмкіндігі бар. 

Бөліп төлеу картасын шығару және курьерлік жеткізіліммен алу тегін. Қандай да бір шектеулерсіз және комиссияларсыз мерзімінен бұрын өтеу қарастырылған. 

«Біз нағыз бөліп төлеу картасын іске қостық: шығару, жеткізу тегін, үш айға дейінгі мерзімге қандай да бір комиссияларсыз, – дедіJýsan Bank басшысы. – Ешқандай «қиындықтарсыз», үш айдан астам мерзімде бөліп төлеу үшін қарапайым және қолжетімді тариф кестесі».

Әсіресе Jmart онлайн-маркетплейсінде бөліп төлеу арқылы сатып алу ыңғайлырақ болмақ, бұл жерде техникадан басқа азық-түлік өнімдері мен түрлі қызметтерді сатып алуға болады.

Картаға қалай тапсырыс беруге болады?

Картаны шығару өте оңай, ол үшін Jýsan  мобильді қосымшасын орнату керек. Кейін онлайн-тіркеуден өту, карта бойынша лимит мөлшерін таңдау, картаны алу әдісін көрсету қажет: бөлімшеден алу немесе үйге не кеңсеге тегін жеткізуді ресімдеу.

Жаңа бөліп төлеу картасы туралы толық ақпарат сілтеме бойынша.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады