Jýsan Bank үшін шотты онлайн резервтеу қызметін іске қосты

Құрметті клиенттер!

Jýsan Bank  банктің жаңа және қазіргі клиенттері үшін шотты онлайн резервтеу қызметін іске қосты.

Қызмет мемлекеттік тіркеуден өткен, оған қатысты деректер ҚР Салық комитетінде бар ҚР жеке кәсіпкерлерге – ҚР резиденттеріне қолжетімді. 

Шотты онлайн резервтеу үшін сізге банк сайты арқылы электронды сұраныс жіберу керек:

  • сұратылатын деректерді көрсету;
  • шотты ашу, дербес деректерді жинақтау және өңдеу шарттарымен келісетініңізді растау;
  • валюта түрін таңдау.

Резервтеу (резервтік шоттың қолданылу) мерзімі – 14 күнтізбелік күн. Резервтелген шотты активациялау үшін клиентке өтініште көрсетілген қала бойынша банк бөлімшесіне келу және ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттар жинағын ұсыну керек. Клиенттің банктік қызмет көрсету шартын жасасуынсыз шот автоматты түрде жойылады.

Резервтелген шот нөмірі тек ақпараттық сипатқа ие. Резервтеу мерзімінің ішінде (банктік қызмет көрсету шартын жасасқанға және белгіленген тәртіпте шот ашуға дейін) банк көрсетілген шотқа түскен ақшаны есептемейді және шот бойынша басқа операциялар жасамайды. 

Банк Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негіздемелер бойынша шотты ашудан бас тартуға құқылы.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 25 25  (қала телефондарын қоңырау шалу тегін); 7711 (мобильді телефоннан тегін) телефондары бойынша хабарласыңыз. 

Сіздің Jýsan Bank

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады