Jýsan Bank қалыпты режимде жұмыс істейді

Jýsan Bank-тің барлық бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс істеуде. Банк клиенттер мен серіктестерінің алдындағы өзіне алған барлық міндеттерін - төлемдерді жүзеге асыру мен қызмет көрсетуді толықтай орындайды. Барлық бөлімшелер мен банкомат желілері қосымша қолма-қол ақшамен жүктелген.

Банк үшін барша банк қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіз қызмет етуі аса маңызды. Осыған байланысты жұмыс орындары мен барлық бөлімдерді санитарлық өңдеу қосымша іс- шаралары жүргізіліп жатыр. Дегенмен де, қорғануға көмектесетін басты шара болып жеке гигиенаны сақтау табылады.

Сіздерге көпшілік жиын орындардан аулақ болуды ұсынамыз. Сіздер үшін Jýsan Bank-тің қашықтықтан қызмет көрсету сервисі қолжетімді:

  • карталар мен шоттарды Jýsan Bank банкоматтарында қолма-қол ақша қабылдау (Cash-in) функциясы бар;
  • Kassa24 терминалдарында кредиттерді өтеу;
  • Депозиттерді ашу мен ақшаны ішінара алу қызметтерін Jýsan мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады;
  • Коммуналдық төлемдерді төлеу, мобильді байланыс пен интернет және салық, сондай-ақ басқа да сервистерді Jýsan мобильді қосымшасында комиссиясыз қолжетімді;
  • банк карталары бойынша ақшаны аудару, сондай-ақ "Золотая Корона" халықаралық аударымдар Jýsan мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Jýsan Bank ұстаушыларына Apple Pay мен Samsung Paу сервистері байланыссыз төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дендеріңіз сау болсын, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады