Jýsan Bank активтердің табыстылығы бойынша дүние жүзіндегі ең үздік банк болды – The Banker

16 шілде 2020 ж., Лондон – Алматы. – The Banker беделді британдық журналының нұсқасы бойынша Jýsan Bank активтердің табыстылығы бойынша (ROA) банктердің жаһандық рейтингінің көшін бастап тұр.

Журналдың шілделік нөмірінде жарияланған 2019 жылдың қорытындысы бойынша The Banker рэнкингіне сәйкес, Jýsan Bank Азия және Океания банктерінің арасында ROA көрсеткіші бойынша үздік болып қана қоймай, 18,43% көрсеткішімен дүниежүзілікті ТОП-ты бастап тұр. 

Журналда хабарлағандай, Jýsan Bank  2019 жылдың қорытындысы бойынша тамаша нәтиже көрсетіп, 12,41% ROA көрсеткішімен екінші орынға солтүстік америкалық  United National Corporation  банкін екінші орынға ығыстырды, бұл банк екі жыл қатарынан осы рэнкингте көш бастап тұрған болатын. Үшінші орында 10,55% нәтижемен украиндық ПриватБанк орналасты. 

«Өткен жылы біз Jýsan Bank тиімділігін арттыру үшін көп еңбек еттік, бұл ROA бойынша тиісті нәтижелерге алып келді. Дүниежүзі бойынша банктердің арасында осындай негізгі көрсеткіш бойынша әлемдік рейтингте көш бастап тұру дегеніміз – бұл бүкіл Қазақстандық банктік сектор үшін үлкен құрмет және Jýsan Bank-те біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижелерін мақтан тұтамыз. Жетекші әлемдік қаржы басылымы The Banker біздің жоғары сенімділігіміз бен келешекте дамуымызға елеулі потенциалдың бар екенін куәландырады», – деп бөлісті Jýsan Bank  басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Төртінші және бесінші орындарда сәйкесінше ROA 9.52% және 7.39% көрсеткіштерімен аргентиналық Banco Macro және мексикалық Banco Compartamos  орналасты. 

Рэнкинг авторлары атап өткендей, алдыңғы жылдары Jýsan Bank  ROA көрсеткіштері бойынша Азия және Океания аймақтарындағы ТОП-5-ке де кірмеген болатын. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша Jýsan Bank 789-орынға жайғасып, әлемнің ең ірі банктерінің ТОП-1000-на да кірді. Бұл рэнкингте  The Banker журналы банктерді олардың меншік капиталының мөлшері негізінде саралайды. 

Оған қоса, Jýsan Bank  17-орын алып, өзінің меншікті капиталының өсімі бойынша әлем банктерінің ТОП-25 кірді, бұл қазақстандық банктер арасындағы ең үздік нәтиже болып табылады. Бір жыл ішінде банк өз капиталын 63%-ға өсірген.

Анықтама үшін: 

Активтердің табыстылығы (ағылш. return on assets, ROA) – табыс алу үшін компания активтерін пайдалану тиімділігін көрсететін ең басты қаржылық көрсеткіштердің бірі. 

The Banker – банктік іске арналған, әлемдегі ең ірі журналдардың бірі, 1926 жылдан бері шығарылып келеді. Журнал Financial Times тобына кіреді. The Banker журналының нұсқасы бойынша әлемдік топтардың ТОП-1000  рэнкингі соңғы 50 жыл бойы жарияланып келеді. Журналдың ақпараттық базасы әлем бойынша 5000-нан астам банк туралы мәліметтер мен аналитиканы қамтиды. 

Байланыс үшін:
Jýsan Bank-тің баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөмірі 1215
E-mail: s.chikin@jysanbank.kz

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады