АТФБанктен ауыстырылған клиенттерге қызмет көрсету бойынша банктік жүйелердің жұмысындағы іркілістер

Құрметті клиенттер,

Jusan Bank және АТФБанк ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, қазіргі уақытта АТФБанктен Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауыстырылған клиенттерде банктік жүйелердің жұмысында іркілістер кездесуі мүмкін. Сонымен қатар, байланыс орталығының операторларына хабарласу ағыны да ұлғаюда, сол себепті операторларға қоңырау шалған уақытта жауапты ұзақ уақыт күтулеріңіз мүмкін. 

Командамыз қабылдаған барлық шараларға қарамастан, банк сервистеріне қолжетімділікке қатысты туындаған шектеулердің Сіздерге уақытша қолайсыздықтар келтіруі мүмкін екендігіне өкінеміз. Банктің бүкіл командасының атынан Сіздерден кешірім сұраймыз! 

Біздің мамандар банктік жүйелердің тұрақты жұмысын ретке келтіру үшін жұмыс жасап жатыр. Бізге артқан сенімдеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз және Jusan Bank-пен ынтымақтастық Сіздер үшін барынша жайлы болу үшін бар күшімізді саламыз.   

Сіздің Jusan Bank

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады