Jýsan Invest зейнетақы активтерін басқаруға дайын және БЖЗҚ-пен шартқа қол қойды

18 ақпан 2021 ж. –Jýsan Invest басқарушы және брокерлік компаниясы бірінші болып өзінің дайындығы туралы мәлімдеді, БЖЗҚ-пен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа қол қойды және БЖЗҚ,  Jýsan Invest және «Сбербанк» АҚ ЕБ арасында кастодиалды шарт жасалды.  

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақ ақшаларын зейнетақы жасына дейін сақтау және көбейту. 

Jýsan Invest  басшысы Нурдаулет Айдосовтың мәлімдеуінше, компания барлық қажетті ресурстарға, басқару тәжірибесіне ие және осы бағытты барынша жоғары жауапкершілікті талап ететін стратегиялық маңызды бағыт деп санайды.   Команда активтерді валюталар, құралдардың санаттары, индустриялар мен география бойынша орынды бөлуді қарастыратын теңгерімді инвестиция жасау стратегиясын таңдайды. Инвестиция жасаудың ең маңызды өлшемшарты -  қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығы және онымен шектес тәуекелдер. 

Салымшылардың активтері  үлестік және борыштық бағалы қағаздарға жататын жария өтімді қаржы құралдарына, оның ішінде биржада саудаланатын қағаздарға  (ETF), акцияларға, облигацияларға, ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталарына, Қазақстанның орта мерзімді дербес облигацияларына, сондай-ақ асыл металлдарға инвестицияланатын болады. Кірістіліктің мақсатты деңгейі – жылдық 13%. Валюталық диверсификация дамыған мемлекеттердің валюталарымен шектеледі.

ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес, брокер клиенттерге тиесілі активтерді тек онымен үлестес емес банктерде сақтай алады. Кастодиан-банкті таңдау кезінде Jýsan Invest банктің жоғары кредиттік рейтингіне, дамыған инфрақұрылымға, сенімділікке және команданың кәсіби тәжірибесіне негізделді. Jýsan Invest  басқаратын болатын клиенттердің активтері дәл сонда сақталатын болады. 

Jýsan Invest – 2004 жылдан бері бағалы қағаздар нарығында заманауи инвестициялық шешімдердің кең спектрін ұсынатын компания, KASE, AIX және ҚҚҚ мүшесі болып табылады. 30 млрд.теңгеден астам басқарылуда, 320 млрд.теңгеге брокерлік қызмет көрсетілуде, 1 трлн.теңгеден көп тартылған қаржыландыру, сондай-ақ 1,2 трлн.теңгеден астам клиенттік мәмілелер айналымы.

Жақын уақытта БЖЗҚ ресми интернет-ресурсында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Jýsan Invest-ке аудару процедурасы жарияланатын болады. 

Сонымен қатар, толық ақпарат пен зейнетақы активтерін басқаруға қатысты барлық соңғы жаңартулар Jýsan Invest сайтында Pension  бөлімінде орналастырылады. 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады