Jusan Bank және АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді

2021 жылғы 18 наурыз, Алматы қ. - Jusan Bank және АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді, Қазақстанда олардың жалпы саны бүгінгі таңда 1 150 құрылғыны құрап отыр, олардың ішінде 182 аппарат қолма-қол ақша алуға арналған cash-in функциясымен жабдықталған. 

Jusan Bank және АТФБанк клиенттері барлық банкоматты «үй жағдайында», яғни банк тарифтерінде банкішілік операциялар үшін қарастырылған лимиттер аясында қосымша комиссиясыз пайдалана алады.

«Банкоматтардың бірыңғай желісінде еліміздегі екі банктің бір миллионннан астам карта ұстаушысына қызмет көрсетілетін болады, бұл қолма-қол ақша алу кезінде айтарлықтай үнем жасауға мүмкіндік береді, - деді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Қолма-қол ақшасыз төлем жасау ауқымы кең етек алауына қарамастан, Қазақстанда банкоматтар әлі де қаржылық экожүйенің маңызды бр бөлігі болып қала береді. Осылайша клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін қолма-қол ақшаға қолжетімділікті біз екі есеге арттырдық».

Техникалық интеграция клиенттерге қаражатты қолма-қолма ақша түрінде алумен қатар, басқа да операцияларды жасау мүмкіндігін береді: ақша қаражатын аудару, мобильді төлемдер, PIN-код ауыстыру/орнату. 

Клиенттердің екі банк банкоматтарын пайдалану бойынша тарифтер өзгеріссіз қалады. Jusan Pay төлем карталарын ұстаушылары бұрынғысынша кез келген банк банкоматынан 500 мың теңгені ай сайын комиссиясыз  ала алады, ал Jusan Bank және АТФБанк банкоматтарынан сома бойынша ешқандай шектеу болмайды. Өз кезегінде АТФБанк карталарының барлық түрін пайдаланушылар үшін Jusan Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны алу АТФБанк банкоматтарында қызмет көрсету шарттарымен бірдей болады. 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады