Шетел валютасында қарыз алған қарыз алушыларға арналған ақпарат

Құрметті клиенттер!

«Jýsan Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бағдарлама)  24.04.2015 ж. № 69 қаулысына  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020ж. №114 Қаулысының талаптарына сәйкес, 2020 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде шетел валютасында берілген жеке тұлғалардың қарыздарын конвертациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қарызды конвертациялау деп Банктің біржақты тәртіпте қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын шетел валютасынан Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына аударуы ұғынылады. 

Қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын қайта есептеу 2015 жылғы 18 тамыздағы[1] ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша теңгеде жүзеге асырылады.

Қарыз мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, қарыз бойынша жаңа өтеу кестесін жіберумен қарызды конвертациялау туралы хабарлауды Банк  қарызды қайта қаржыландырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Конвертациялау әдісімен қарызды қайта қаржыландыру туралы хабарлама алғаннан кейін, Сіз 2021 жылғы 15 наурызды қоса алғанға дейінгі мерзімде Банкке Бағдарламаның 2-бөлімінің талаптарына сәйкес қарыз шарттарын өзгерту үшін жүгінуге құқылысыз. 

Контакт-центр: 8 800 080 25 25 (қалалық телефоннан қоңырау соғу тегін); 7711 (ұялы телефоннан тегін).


 


[1] Сот актілері бар қарыздарды қоспағанда. Осындай қарыздарды конвертациялау Бағдарламаның 2-бөлімінің талаптарына сәйкес ҚР ҰБ бағамы бойынша жүзеге асырылады. 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады