«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша орналасқан «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ) Басқармасы «Jusan Bank» АҚ акционерлеріне 2021 жылдың 19 мамырында  Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-де «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:

  1. «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы
  2. «Jusan Bank» АҚ-тың 2020 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы
  3. «Jusan Bank» АҚ-тың есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу бойынша шешім қабылдау тәртібін бекіту және «Jusan Bank» АҚ бір жай акциясына есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы
  4. Акционерлердің «Jusan Bank» АҚ пен оның лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты өтініштері және оларды қарау қорытындысы туралы ақпаратты қарау туралы.
  5. «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі мен Атқарушы органының мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпаратты қарау туралы».

 «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні - 2021 жылғы 19 сәуір (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан ала алады: Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй, 261 кабинет, Ганиева Саидадан (e-mail: s.ganieva@jysanbank.kz).

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу жиналыс басталуға 30 (отыз) минут қалғанда жүргізіледі.

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысы басталуға 10 (он) минут қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама Жылдық жалпы жиналысы 2021 жылдың «20» мамырында  Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт болуы, ал сенім білдірілген тұлғаларда дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады