Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

20 қараша 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank және «Мобайл Телеком-Сервис» Jýsan сервистері мен қызметтерін пайдалануды бұрынғыдан да тиімдірек ететін Jýsan Mobile мобильді байланысын қосып жатыр.

Jýsan Mobile виртуалды мобильді байланысы (MVNO) Tele2/ALTEL желісінің негізінде іске қосылып жатыр және бүкіл Қазақстан бойынша оператордың қамту аумағындағы абоненттерге қолжетімді болады. Жобаның техникалық интеграторы – «KazTransCom» АҚ.

«Jýsan Mobile виртуалды операторын іске қосу біздің Jýsan экожүйемізді дамытуда алға жасаған үлкен қадамымыз болды және ол біздің клиенттеріміз үшін жаңа тиімділіктер ұсынады, – дейді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Банктің белсенді клиенттері тегін мобильді байланыс қызметтерін және экожүйе ішінде – мобильді қосымшада, интернет-банкингте және Jmart маркетплейсінде қолдануға болатын қосымша бонустар ала алады».

Jýsan Mobile ерекшелігі  Jýsan Bank сервистерімен тығыз интерграцияда – Jýsan бірыңғай қосымшасында клиенттер қаржы қызметтерін, мобильді байланысты басқару, сақтандыруды ресімдеу, биржада акциялар сатып алу, Jmart маркетплейсінде тауарлар мен қызметтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

«Tele2/ALTEL желісіндегі бірінші виртуалды операторды іске қосу ҚР мобильді нарығын дамытудағы маңызды қадам болмақ, – деп хабарлады «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС бас директоры Роман Володин. – MVNO концепциясы – бұл, ең алдымен, қандай да бір аудиторияның мұқтаждылықтары мен рухына жауап беретін байланыс пен серіктес қызметтерінің экожүйесін құру. Jýsan Mobile қоса отырып, біз өзіміз үшін жаңа саналатын сегментке аяқ бастық және MVNO нарығында шешімдерді кастомизациялау деңгейі жоғары жетекші ойыншы болуды жоспарлап отырмыз.  Сонымен қатар, Tele2/ALTEL операторы кең қамтылуды және қызметтердің жоғары сапасын, ең алдымен, бүкіл Қазақстан бойынша 4G сегментінде қамтамасыз ететінін атап өткен жөн, бұл жаңа MVNO-серіктестің сервистер жұмысының сенімділігіне кепілдік беруге мүмкіндік береді».

«Экожүйелер құру және оларды дамыту клиенттердің бейілділігін қолдау және клиенттік тәжірибені әрі қарай жақсарту мақсатымен бизнесті дамытудағы стратегиялық маңызды шешім болды. Біздер үшін бұл MVNO  іске қосу жобасына қатысудың алғашқы және табысты тәжірибесі. Пандемия мен қашықтықтан жұмыс жасау кестесіне қарамастан, үш ұйымның жобалық командасы аз мерзім ішінде үлкен жұмыс атқарды және өз міндетін сәтті түрде орындап шықты», – деп атап өтті «KazTransCom» АҚ басқарма төрағасы Сергей Назаренко.

Тарифтер мен қызметтер

Jýsan Mobile-дың барлық абоненттері үшін құны 3 300 теңге құрайтын 30 күн мерзіммен бірыңғай тарифтік жоспар қолданылады. Тарифтік жоспар қолжетімді минуттар, трафик пен SMS-терді өзара тегін ауыстыруға мүмкіндік береді және алдын-ала бапталған комбинациялардың үш нұсқасынан тұрады: «Стандарт» (120 минут, 50 SMS, 12 Gb), «Қоңыраулар үшін» (160 минут, 50 SMS, 8Gb), «Интернет үшін» (80 минут, 50 SMS, 16 Gb). Осы тарифтік жоспарға қосылған абоненттер Jýsan Mobile  желісі ішінде лимитсіз қоңыраулар шала алады және WhatsApp  мессенджеріне лимитсіз қолжетімділік алады.

Сонымен қатар, минуттар мен интернет-трафиктің қосымша минуттары мен халықаралық роуминг қызметтерін қосу мүмкіндігі қарастырылған. 

Jýsan мобильді қосымшасы мен банк ресурстарын пайдаланған кезде (jysanbank.kz, jysan.kz, jmart.kz, jpost.kz) интернет-трафик шығындалмайды.

Jýsan Mobile тарифтері мен қызметтерімен толығырақ  сайтта  таныса аласыздар

Бонустар мен акциялар

Jýsan Mobile-дың әрбір жаңа клиентіне бір ай тегін тарифтік жоспар ұсынылады.

Егер Jýsan Bank картасы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер айына 50  мың теңгеден көп болса, келесі айда мобильді байланыс қызметтері тегін ұсынылатын болады.

Jýsan мобильді қосымшасы арқылы Jýsan Mobile теңгерімін толтырған кезде, банк қосымшада немесе Jmart маркетплейсінде қызметтер ақысын төлеу кезінде пайдалануға болатын бонустар түрінде сомадан 15%  қайтарады.

Абонент болу үшін не істеу керек?

Jýsan Mobile абоненті болу үшін Jýsan мобильді қосымшасын орнату, онда Jýsan Pay төлем картасына тапсырыс беру қажет. Курьер төлем картасы мен сим-картаны көрсетілген мекенжайға жеткізеді. Сим-картаны интерактивті чат-боттың қарапайым нұсқауларын орындай отырып, Jýsan  қосымшасында активациялау керек. Шығару, жеткізу және картаға екі жыл қызмет көрсету толықтай тегін жүзеге асырылады.

Активациялау кезінде абонентте жаңа нөмірді таңдау не болмаса өзінің қолданыстағы басқа оператордың мобильді телефон нөмірін Jýsan Mobile желісіне аудару мүмкіндігі бар. 

Jýsan Bank карталарын ұстаушылар сим-картаны Банк филиалдарында жеке алып, оны қосымшада активациялай алады. Jýsan Bank бар барлық қалалардың тұрғындары  Jýsan Mobile  абоненттері бола алады. 

 

Анықтама үшін:

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ қазақстандық қаржы нарығында 1992 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Бүгінгі таңда Jýsan Bank («Жусан Банк») Қазақстанның бүкіл аймақтарында 106 бөлімшемен ұсынылған. 

Jýsan Bank банктік сервистерден басқа сақтандыру және брокерлік қызметтерді, сондай-ақ Jmart маркетплейсіне қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін өзінің экожүйесін құрып жатыр. Банк клиенттерге, жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін, оның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық төлем карталарын ашу мен қызмет көрсетуді, кредит беруді, депозиттер мен Қазақстан ішінде және дүниежүзі бойынша ақша аударымдарын ұсынады.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторы (брендтері Tele2/Altel), АБА № 000950 мемлекеттік лицензиясын ҚР АБА берген. Ұялы байланыс қызметтеріне тікелей байланыс туралы заңнама күші және «Мобайл Телеком-Сервис ЖШС шарттары таралады. Осы баспасөз хабарламасында тегін деп белгіленген қызметтердің құнын ортақ жоба қатысушылары өтейді.

Tele2 Kazakhstan – ең жылдам өсіп келе жатқан байланыс операторларының бірі. Нарықта 2010 жылы пайда болған Tele2 бекітілген кең жолақты байланыс және телефония, деректерді жіберу желісі мен M2M/IoT  шешімдерге арналған ең жаңа жабдықтарды орнатты.

ALTEL – 1994 жылы құрылған бірінші ұлттық мобильді байланыс операторы. 2010 жылы ALTEL республикада бірінші болып 3G интернетті енгізді, ал 2012 жылы Қазақстанда «ALTEL 4G» брендімен LTE технологиясын алғашқы коммерциялық іске қосу жүзеге асырды.  

2016 жылғы наурыз айында Tele2 Kazakhstan компаниясы бизнесті ALTEL-мен біріктіріп, екі оператордың абоненттеріне бүкіл ел бойынша 4G  желісінің таралуын қамтамасыз етті. 

2017 жылдан бастап оператор желісіндегі мобильді деректерді тұтынудың жыл сайынғы өсімі  – 50%. 2019 жылы желідегі трафик абсолютті өрнекте 1,3 экзабайт құрады. 2019 жылы Tele2/ALTEL желісіндегі барлық сөйлесудің жиынтық уақыты 21 265 930 124 минут (40 мың жыл) құрады.

«KazTransCom» АҚ 2001 жылы үш компаниялардың бірігуі нәтижесінде құрылды: «КаспийМұнайБайланыс» АҚ, «Ақтөбемұнайбайланыс» АҚ және «Байланыс» АҚ. Қызметтің негізгі бағыттары: телекоммуникация қызметтерін ұсыну, kCloud бұлттық қызметтері, техникалық қызмет көрсету, жүйелік интеграция. 

 

Байланыс үшін:

JýsanBank баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөм. 1215
E-mail: s.chikin@jysanbank.kz

Tele2/ALTEL баспасөз қызметі
E-mail: pr.kazakhstan@tele2.kz

KazTransCom баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 237-73-89, 
моб.: +7 (701) 211-15-85
E-mail: b.mukhammediyauly@kaztranscom.kz

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады