Jýsan Bank 16 валюталы саяхатшылар картасын шығарды

20 желтоқсан 2019 ж., Алматы қ. Jýsan Bank саяхатшыларға арналған Travel Card мультивалюталық карталырын шығаруды бастады. Жаңа саяхатшы картасы тұтынушыға бірден он алты валютаны* қатар басқару мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, саяхатшы әлемнің ең танымал туристтік бағыттарында мультивалюталық шотпен қолдана алады.

Қосымша түрлендірусіз төлем жасауға болатын елдер арасында: АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания, Түркия, БАӘ, Канада, Қытай, Ресей, Чехия, Сингапур, Швейцария, Австралия, Қырғызстан, Гонконг және Жапония. Алдағы айда валюта саны 20-ға дейін ұлғайып, оған қоса әлемге танымал тағы төрт бағыт қосылады, оның арасында Грузия мен Таиланд та бар.

Travel Card тұтынушыларына арналған мультивалюталық карт-шоттан басқа, ұстаушылар 10%-ға дейінгі трэвел-бонустар арқылы авиабилеттерді, қонақ үй жалдау сияқты сервис түрлерін тиімді тәсілмен сатып алуға көмектеседі. Аталған қызмет түрі, әлемнің кез келген банкоматынан комиссиясыз 4 млн теңгеге дейін қолма-қол ақшаны шешіп алу мен ұшақ борттарында, әлемнің кез-келген нүктесінде wi-fi жүйесіне тегін қосылу мүмкіндігін береді.

«Жыл сайын қазақстандықтардың жарты миллионы шетелдегі сапарда шамамен 3 млрд доллар жұмсайды – оның арасына авиабилеттерді сатып алу, қонақ үйлерді жалдау, күнделікті шығындар мен шоппинг кіреді, деді Jýsan Bank-тің басқарушы директоры Лариса Белова. Туристтердің 70%-ы ондай төлемдерді банк карталарының көмегімен жасайды, демек аталмыш қызмет арқылы саяхат кезінде кез-келген адам жеке қаражатты үнемдеумен ғана шектелмей, жаратқан ақшасының бір бөлігін кэшбэк пен бонустар қызметі арқылы кері қайтара алады».

 

Travel Card тұтынушылары үшін Jýsan24 мобильді қосымшасындаавиабилеттерді, теміржол билеттерін бірінші рет сатып алу мен қонақ уйлерді жалдау кезінде, «Саяхат» сілтемесінде 5%-ке дейін бонустар мен кейінгі қолдануда 10%-ға дейін трэвел-бонустар карта иесіне қайтарылып түседі. Travel Card ұстаушылары қолма-қол ақшасыз сатып алу мен туристік қызметтерге жұмсалған қаражат кезінде, қайтарылған 1% бонус пен 2% жоғартылған трэвел-бонустарды кайтадан өзінің карт шотынан ала алады. Тұтынушыға қайтарылған трэвел-бонустарды Jýsan24 мобильді қосымшасының «Саяхат» сілтемесінде билеттерді сатып алу мен қонақ үйлерді жалдау мезетінде қолдануға болады.

Travel Card-тың көмегімен тұтынушы әлемнің кез келген банкоматынан бір айдың ішінде 4 млн теңгеге дейін және Қазақстан бойынша барлық банкоматтар желісінде айына 300 мың теңгеге дейін комиссиясыз ақшаны қолма-қол шешу мүмкіндігіне ие.

«Бүгінгі күнге қазақстандықтар үшін ең танымал саяхат бағыттарының арасында Түркия мен БАӘ елдерін көре аламыз. Назарларыңызға сала кетейік, еліміздегі бүкіл банктер арасынан бірде-бір банк саяхатшыларға арнап, аударма шотында түрік лиралары мен араб дирхамдары болатын банк картасын шығарған емес. Оған қоса, саяхат картасының тұтыушылары кез-келген валютаны АҚШ долларына аудармай-ақ, тікелей қолма-қол екі еселік айырбастаусыз ала алады. Айтылған қызмет ақшаны басқа валютаға аудару кезінде 1%-ке дейін үнемдеуге көмектеседі. Валюталарды Jýsan24 мобильді қосымшасы арқылы бастапқы шоттан оңай түрде теңгеге ударып басқара аламыз, одан кейін саяхатқа жинала берүге болады!», деп атап өтті Лариса Белова.

Саяхаттаушы картасына Travel және Travel+ қызметтер түрлері арқылы тапсырыс беруге болады.

Travel картасының жылдық қызмет көрсету құны бірінші жылы 0 теңге мен әрбір келесі жылы 2000 теңгені құрайды. Travel+ картасының жылдық қызмет көрсету құны 0 теңге, кейінгі жылдары 5000 теңгені құрайды. Travel+ ұстаушыларына арналған қызметтерден басқа, Lounge Key-де 180 әуежайдың бизнес-залдарында, сондай-ақ Boingo сервисінің көмегімен бүкіл әлем бойынша 1 млн-нан астам wi-fi нүктелеріне лимитсіз қосылу мүмкіндігі беріледі.

Travel Card-ты Jýsan24 мобильді қосымшасында онлайн тапсырыс арқылы немесе тікелей банк бөлімшесінен тікелей алуға болады.


 

Анықтама:

First Heartland Jýsan Bank (бұған дейін – Цеснабанк) Қазақстан қаржы нарығында 1992 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда Jýsan Bank-тың (Жусан Банк) 120 бөлімшелері Қазақстанның бүкіл өңірлерінде жұмыс жасайды.

Jýsan Bank өзінің клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға ағымдағы шоттар мен халықаралық пластик карталарын ашу және оларға қызмет көрсету, несиелеу, мобильдік банкинг, Қазақстан және әлем бойынша депозиттер мен қаржылай аударымдарды жасау сынды банк қызметтерінің кең шеңберін ұсынады.

2019 жылдың 6 ақпанында "First Heartland Securities" АҚ, «Назарбаев университеті» автономдық білім беру ұйымдары тобы қаржылық холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» «Цеснабанк» АҚ қарапайым акцияларының 99.8%-ын сатып алып, кейіннен жаңа даму стратегиясы қабылданып, Jjýsan Bank ребрендингі жүргізілді (бекітілген қазақша латын әліпбиінде «Жусан банк»).

2019 жылдың 12 тамызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (Jýsan Bank) рейтингін «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» қарай қайта қарастырып, эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін «В-/В» деңгейінде растады. Сонымен қатар, банктің рейтингі қазақстандық ұлттық шкала бойынша «kzBB-»-дан «kzBB»-ға дейін көтерілді.


 

Байланыс үшін:
Jýsan Bank-тің баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі. 1924
E-mail: pr@jysanbank.kz


* KZT – теңге , USD – АҚШ доллары, EUR – Еуро, GBP – стерлинг фунты, RUR – Ресей рублі, CNY – Қытай юані, TRY – түрік лира, AED – Араб дирхамы, CAD – Канада доллары, CZK – Чех кронасы, KGS – Қырғызстан сомы, AUD – Австралия доллары, CHF – Швейцария франкі, HKD – Гонконг доллары, JPY – жапон йені, SGD – Сингапур доллары.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады