Apple Pay мобильді төлемдер жүйесі Jýsan Bank карталарын ұстаушыларға қолжетімді

21 қаңтар 2020 ж., Алматы қ. - Jýsan Bank пен Apple корпорациясы Apple Pay технологиясы арқылы байланыссыз төлемдерді іске қосты. Бұдан былай Jýsan Bank шығарған MasterCard төлем карталарын ұстаушылар, өздерінің күнделікті шығындарында жеңіл, қауіпсіз және ыңғайлы Apple Pay төлем жүйесін пайдалана алады.

NFC технологиясымен жабдықталған IPhone және Apple Watch көмегімен POS-терминалдарда байланыссыз төлемдер жасауға болады. Сонымен қатар, басқа да Apple ұсынған құрылғылармен, iPad планшеттері мен Mac компьютерлері арқылы, интернет дүкендер мен App Store қосымшаларында Apple Pay электронды төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Біздің өміріміз толықтай мобильді форматқа, күннен күнге болып жатқан төлемдер толығымен смартфондарға ауысты. Нарықтағы смартфондардың 60%-ы NFC технологиясы арқылы төлем функцияларымен жабдықталған. Әрине, Apple Pay жүйесі көптен күткен ыңғайлы инновация. Ол Jýsan Bank карталарының ұстаушыларына оңай байланыссыз төлемдерді жүзеге асыруға беретін жеңілдетілген және ыңғайлатылған жаңа мүмкіндік. Оған қоса, банк клиенттері Apple Pay арқылы жасалған әрбір сатып алудан 1,5% жоғары кэшбэкті ақшалай ала алады", – дейді Jýsan Bank басқарушы директоры Лариса Белова.

Apple Pay сервисі интернет пен мобильді желіден тыс уақытта байланыссыз төлемдерді жасауға мүмкіндік береді. Face ID және Touch ID технологиялары қауіпсіз және ыңғайлы төлемдер жасауды қамтамасыз етеді.

Apple Pay қызметін пайдалану үшін клиенттер Wallet қосымшасы арқылы MasterCard кредиттік немесе дебеттік картасын қосып, оны Jýsan мобильді қосымшасында байланыстыра алады. Құрылғыны қосу туралы толық нұсқаулықпен мына жерден танысуға болады.

Apple Pay байланыссыз төлемдерін iPhone 6 және одан да жаңа, сондай-ақ барлық Apple Watch құрылғылары арқылы пайдалану үшін қолжетімді. Apple Pay қызметі жұмыс істейтін құрылғылардың толық тізімі осында.

Анықтама:
First Heartland Jýsan Bank (бұған дейін – Цеснабанк) Қазақстан қаржы нарығында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Jýsan Bank-тің (Жусан Банк) 120 бөлімшелері Қазақстанның бүкіл өңірлерінде жұмыс істейді.

Jýsan Bank өзінің клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін, соның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық төлем карталарын ашу және қызмет көрсету, кредиттеу, депозит ашу және Қазақстан және әлем бойынша ақша аударымдары қызметтерін ұсынады.

 

2019 жылдың 6 ақпанында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» білім беру автономды ұйымдар тобының қаржы холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі "First Heartland Securities" АҚ банктің 99.8% жай акцияларын сатып алды, кейіннен жаңа даму стратегиясы қабылданып, Jýsan Bank ребрендингі жүргізілді (бекітілген қазақша латын әліпбиінде «Jýsan Bank»).

 

2019 жылдың 12 тамызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (Jýsan Bank) рейтингісі бойынша болжамын «Тұрақты» 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады