Jýsan Bank 2019 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысын жариялады

22 қаңтар 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank жылдық қызметінің алдын ала нәтижелері бойынша 2019 қаржы жылын 35 млрд теңге көлемінде пайдамен аяқтап, қазақстандық ЕДБ-дің арасындағы меншікті капитал көлемі бойынша екінші орынға шықты.

Осылайша, аудиттелмеген есептеме нәтижелері бойынша 2020 жылдың басында Jýsan Bank-тің меншікті капиталы 344 млрд теңгені (2019 жылдың басында 215 млрд теңге) құрап, 60%-ға артты. Бұл қазақстандық банк секторының арасындағы екінші орындағы көрсеткіш, оның ЕДБ арасындағы меншікті капиталдың шамамен 9,3% Jýsan Bank-ке тиесілі. 2019 жылдың басында Банктің меншікті капиталының мөлшері шамамен 215 млрд теңге деңгейінде болды.

"Бұл оң нәтижелерге өткен жылы Банктің жаңа менеджментінің белсенді жұмысының арқасында қол жеткізілді. Біз бизнес-үдерістерді оңтайландырдық, First Heartland Bank-пен біріктік, мобильді банкингті іске қостық және нарыққа жаңа карточкалық өнімдерді ойдағыдай шығардық. Сондай-ақ кредиттік портфельді қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде біз 2019 жылдың төртінші тоқсанында 35 млрд теңгеге табысқа шығып, провизияларды төмендете алдық, олардың көлемі 71%–ды құрады", - деп, жылдық қорытындылар туралы Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып атап өтті.

Банк активтері 2020 жылдың 1 қаңтарында 1 330 млрд теңгені құрады. Ондағы 2020 жылдың басында реттеушінің 0,3 нормативіндегі банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) 7,133 деңгейінде болды. Осылайша, ағымдағы өтімділіктің көрсеткіштері ең төменгі талаптарды 23 есеге асырып, Қазақстанның ірі он банктерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштеріне ие.

"Өтімділік қорының жоғары көрсеткіштері мен меншікті капиталдың жеткіліктілігі, Jýsan Bank–тің тұрақтылығы мен сенімділігін, сондай-ақ оның нарықтық позицияларды жақсартудағы, нарық үлесін арттырудағы және портфельдің салауатты өсуінің әлеуетін көрсетеді", - деп қорытындылады Қайып мырза.

2019 жылдың басындағы банктің несие портфелі 846 млрд теңге деңгейінде, ал провизиялардың жалпы мөлшері 603 млрд теңгені (71%) құрады, бұл ағымдағы NPL-ді 326 млрд теңгеге (портфельдің 38%), яғни екі есе дерлік жабады.

2020 жылдың басында клиенттердің салымдары 649 млрд теңгені құрады, ондағы 230 млрд теңге компанияларға және 419 млрд теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі.

Келтірілген алдын ала қорытынды мәндері 2019 жылғы банк қызметінің қорытындылары бойынша аудиттелмеген қаржылық есептіліктің нәтижелерінде негізделіп жасалған.

Анықтама: 
First Heartland Jýsan Bank (бұған дейін – Цеснабанк) Қазақстан қаржы нарығында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Jýsan Bank-тің (Жусан Банк) 120 бөлімшелері Қазақстанның бүкіл өңірлерінде жұмыс істейді.

Jýsan Bank өзінің клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін, соның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық төлем карталарын ашу және қызмет көрсету, кредиттеу, депозит ашу және Қазақстан және әлем бойынша ақша аударымдары қызметтерін ұсынады.

 

2019 жылдың 6 ақпанында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» білім беру автономды ұйымдар тобының қаржы холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі "First Heartland Securities" АҚ банктің 99.8% жай акцияларын сатып алды, кейіннен жаңа даму стратегиясы қабылданып, Jýsan Bank ребрендингі жүргізілді (бекітілген қазақша латын әліпбиінде «Jýsan Bank»).

2019 жылдың 12 тамызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (Jýsan Bank) рейтингісі бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Позитивті» деңгейіне көтерді, эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін «В-/В» деңгейінде растады. Сонымен қатар, банктің рейтингісі қазақстандық ұлттық шкала бойынша «kzBB-» деңгейінен «kzBB» деңгейіне дейін көтерілді.

Байланыс үшін:
Jýsan Bank-тің баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөмірі 1924
E-mail: pr@jysanbank.kz

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады