Jýsan Bank-тің Қарағанды филиалы болашақ қаржыгерлерді дайындауға қатысады

22 қаңтар 2021 ж., Қарағанды қ.. – Jýsan Bank Қарағанды филиалы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетімен (ҚҚЭУ) серіктестік туралы келісімге қол қойды.  

Келісімде «Банкир» оқу-ғылыми-өндірістік кешенін (ОҒӨК) құру қарастырылған, осы кешеннің шеңберінде оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша қызмет жүргізілетін болады. ОҒӨК ҚҚЭУ-дің «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасында оқитын   мамандарды дайындау сапасын және еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін болады. 

«Банкир» ОҒӨК  білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, ЖОО-ны мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және бизнес-қауымдастықпен өзара әрекеттестіру нысаны ретінде құрылады. Осылайша, болашақ мамандар дайындығына екінші деңгейлі ірі банктердің және  осы салада жұмыс жасайтын басқа қаржы ұйымдарының кәсіпкой-практиктері жұмылдырылатын болады.

 

Анықтама үшін:

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 1966 жылдан бері білім беру қызметтері нарығында қызмет көрсетуде және КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен және КСРО Орталық одағы басқармасының Қаулысымен  тұтынушылық кооперация жүйелерінің кадрларын дайындау үшін  құрылды.  1991 жылы Қарағанды кооператив институты Қазтұтынуодағы Қазақ тұтынушылық кооперация институты болып атауы көрсетілді.  1995 жылы мемлекеттік аттестациядан өткеннен кейін және оның нәтижелері бойынша ұсынылған ұсыныстарға сәйкес, Қазтұтынуодағы басқармасының қаулысымен 1997 жылы институт Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (ҚҚЭУ) болып өзгертілді.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады