Jýsan Bank мезеттік карталар шығарылымын бастады

24 сәуір 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank Jýsan мобильді қосымшасында ресімдегеннен кейін төлемдер үшін, сондай-ақ 42500 теңге әлеуметтік төлемін алу үшін пайдалануға болатын Jýsan Pay мезеттік карталар шығарылымын бастады.

Картаны шығарғаннан кейін клиент ТЖ режимінің енгізілуі нәтижесінде табысынан айырылғандарға өтемақы төлеу бойынша 42500 теңге мөлшерде  әлеуметтік төлемді ресімдеу үшін қажет болатын IBAN шот нөмірін қамтитын SMS-хабарлама алады.

«Бұдан бұрын Jýsan Bank қатаң карантин шаралары қолданылып жатқан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін карталарды курьермен жеткізу қызметін іске қосқан болатын. Енді Қазақстанның кез келген қаласының тұрғындарының лезде шығарылатын Jýsan Pay  картасын мобильді қосымшасы арқылы онлайн ашу және жәрдемақылар алу мен басқа төлемдер жасау үшін жылдам пайдалану мүмкіндігі бар», – деп атап өтті  Jýsan Bank  басқарушы директоры Лариса Белова.

Оған қоса, ашқаннан кейін Jýsan Pay  картасын Apple Pay немесе Samsung Pay  байланыссыз төлем сервистеріне қосуға және смартфон немесе ақылды сағаттар көмегімен төлемдер жасауға болады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының тұрғындары көрсетілген мекенжай бойынша Jýsan Pay  пластик картасының тегін жеткізілімін ресімдей алады. Қалған қалалар мен өңірлерде Jýsan Bank-тің кез келген бөлімшесіне хабарласып, мезеттік картаның пластигін шығаруға болады. 

Карталарды жеткізу жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қауіпсіз жеткізілімді жүзеге асыру үшін курьерлер барлық қажетті жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған. 

Jýsan Pay мезеттік мультивалюталық картасына Jýsan мобильді қосымшасында тапсырыс беруге болады. Банк, сонымен қатар, картаға бір жылдық тегін қызмет көрсету, Jýsan Bank  банкоматтарында қолма-қол ақшаны тегін алу және Қазақстан бойынша кез келген басқа банкоматтан айына 300 мың теңгеге дейін ақша алу қызметін ұсынады. Оған қоса, қолма-қол ақшасыз төлем жасау кезінде 2%-ға дейін кэшбэк алуға болады. 

 

Jýsan Pay мезеттік картасын шығару үшін: 

  1. Android немесе iOS үшін Jýsan мобильді қосымшасын жүктеу;
  2. Жеке басын видеомен растау арқылы тіркеуден өту;
  3. SMS көмегімен мәліметтерді растау қажет.
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады