
Құрметті клиенттер!
Jýsan Bank бизнеске арналған ыңғайлы QR-визиткалар сервисін іске қосты. Қызмет тегін!
Басып шығарылған QR-визитканы сауда нүктесінде немесе кеңседе орналастыруға болады. Сіздің дербес QR-кодыңызды сканерлеу арқылы клиенттер мен серіктестер бизнесіңіз туралы ақпаратты табу және көрсетілетін қызметтердің толық спектрімен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, Jýsan Business Card-қа қосыла отырып, сіз жеке кабинетке қолжетімділік алып, осы кабинет арқылы әлеуметтік желілердегі өз деректеріңізді бірыңғай алаңға біріктіре және өз науқандарыңызды басқара аласыз.
Сервисті пайдалану үшін:
- Jýsan Bank- те ашылған шоттың болуы;
- Jýsan Business Card-ке қосылу;
- өз бизнесіңіз туралы деректерді QR сервистің жеке кабинетінде баптау;
- QR-визитканы басып шығару керек!
Нәтижесінде сіз:
- клиенттерді өзіңіздің басқа қызметтеріңіз туралы ақпараттандыруға, бейілділікті арттыруға;
- бизнес туралы барлық деректеріңізді басқара алатын ыңғайлы жеке кабинетке;
- өз бизнесіңіздің мәртебесін арттыруға қол жеткізесіз.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 800 080 25 25 (қала телефондарын қоңырау шалу тегін); 7711 (мобильді телефоннан тегін) телефондары бойынша хабарласыңыз.
Сіздің Jýsan Bank