«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы жаңа тағайындаулар туралы хабарлайды.

2019 жылдың 25 ақпанында Жәмішев Болат Бидахметұлы мен Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына қосылды.

Жәмішев Болат Бидахметұлы қаржы саласындағы басқару тәжірибесі мол, ҚР Қаржы министрлігін (2007-2013 жж.), ҚР Өңірлік даму министрлігін (2013 - 2014 жж.) басқарған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы (2004-2006 жж.) лауазымында қызмет атқарған, экономика ғылымдарының кандидаты, қаржы және банк саласы бойынша 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы болып табылады. Қазіргі уақытта «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы – Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің құқық магистрі, Дьюк университеті жанындағы Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің (АҚШ) халықаралық экономикалық даму магистрі. Мемлекеттік және жеке сектордағы жұмыс тәжірибесі мол. Әр кезеңде ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Халықаралық қайта құру және даму банкінің Басқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарып, ҚР Ұлттық банкі және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармаларының мүшесі болған.

Бұл ретте «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу мырза аталған тағайындауларға қатысты пікірімен бөлісті:

«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің және басшылығының атынан Жәмішев мырза және Орынбаев мырза сияқты белгілі кәсіпқой мамандардың Директорлар құрамына қосылуға келісім бергендері үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Олар өздерінің қәсіпқойлық беделдеріне және мінсіз абыройларына лайықты тұлғалар. Аталған тағайындаулар клиенттеріміздің сенімін арттыруда және банктің жаңа стратегиясын жүзеге асыруда ерекше мәнге ие.»

Осылайша «Цеснабанк» АҚ басқарушы органының құрамы келесідей:

  • Шигео Катсу – Директорлар кеңесінің төрағасы
  • Ербол Орынбаев - Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Болат Жәмішев – Тәуелсіз директор
  • Евгений Пан – Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Дәулет Қабылбаев - Тәуелсіз директор
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады