S&P Global Ratings "Цеснабанк" АҚ рейтингісін көтерді

Меншік иесінің өзгеруіне, ірі көлемдегі капиталдандыруға және кредиттік портфельдің сатылуына байланысты S&P Global Ratings ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингіні «SD» деңгейінен тұрақты болжамымен «B-/B»деңгейіне дейін көтерді.

S&P Global Ratings агенттігі рейтинг деңгейіне әсер етуші позитивті фактор ретінде «Цеснабанк» АҚ-тың жаңа акционері - «First Heartland Securities» АҚ тарапынан қабылданған шұғыл шараларды, атап айтқанда банктің меншікті капиталының 70 млрд теңгеге толықтырылуын қарастырған.

Акционерлер ауысқан сәттен бастап екі аптаға толмайтын уақыттың ішінде, банктің клиенттер алдындағы міндеттемелерін кедергісіз орындауына мүмкіндік беретін біршама оң өзгерістер орын алды. Сондай-ақ Банк бұдан бұрын Ұлттық Банк ұсынған тұрақтандырушылық қарызды толық өтеді.

“Рейтингінің көтерілуі жаңа команданың Цеснабанктің нарықтық жайғасымдарын қалпына келтіру және клиенттердің сенімін нығайту бойынша жұмысының алғашқы нәтижесі болды, - деді, "Цеснабанк" АҚ Басқарма Төрағасы Бекжан Пирматов. S&P Global Ratings агенттігінің бағалауды жедел қайта қарау бойынша жұмысы біздің көңілімізден шықты, себебі біз Банк тарихындағы ірі капиталдандыруды жүзеге асырғаннан кейін жағдай толығымен тұрақтандырылды, - деп, пікірімен бөлісті.

"Цеснабанк" АҚ жаңа басшылығының алға қойған келесі міндеті - Банктің бизнес-жайғасымдарын жақсартатын және оның депозиттік портфелінің өсімін және рейтингісінің бұдан әрі көтерілуі үшін басқа да маңызды көрсеткіштерді қамтамасыз ететін жаңа даму стратегиясын бекіту және жүзеге асыру.

«Біз салымшыларымыздың сенімін толық қалпына келтіруге ниеттіміз. First Heartland Securities тұлғасындағы акционер Цеснабанкті және оның барлық филиалдық желісін дамытуды жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеймін, - деді Пирматов.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады