«First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, Z05K7B0, Нұр-Султан қаласы, Сығанақ көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан «First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «First Heartland Jýsan Bank» АҚ) Басқармасы «First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлеріне 2019 жылдың 27 мамыр Нұр-Султан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де « First Heartland Jýsan Bank » АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Нұр-Султан қ., Сығанақ көшесі, 24.

Жиналыс «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1) «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау - 2019 жылғы 25 сәуір (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Султан қаласы, Сығанақ көшесі, 24, 1011-кабинет.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жиналыс басталуға 1 (Бір) сағат қалғанда жүргізіледі.

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының басталуына дейін 15 (Он бес) минут қалғанда аяқталады.

Кворум болмаған жағдайда «First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2019 жылдың «28» мамыр Нұр-Султан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Нұр-Султан қаласы, Сығанақ көшесі, 24.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың корпоративті веб-сайтында орналастырылған: http://www.jysanbank.kz/.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан