27 сәуір 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank мобильді қосымша арқылы Jýsan Pay картасын үйіне дейін тегін жеткізумен тапсырыс беру мүмкіндігі бар қалалар санын көбейтті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан басқа, енді картаны курьерлік жеткізіліммен Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Теміртау қалаларында алуға болады.
Jýsan Pay мультивалюталық картасын Jýsan мобильді қосымшасында тегін ашуға болады. Банк, сонымен қатар, картаға бір жыл қызмет көрсету, Jýsan Bank банкоматтарында қолма-қол ақшаны тегін алу және Қазақстан бойынша кез келген басқа банкоматтан айына 300 мың теңгеге дейін ақша алу қызметін ұсынады. Оған қоса, қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 2% -ға дейін кэшбэк алуға болады.
Картаны жеткізу жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қауіпсіз жеткізілімді қамтамасыз ету үшін курьерлер барлық қажетті жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған.
Оған қоса, Jýsan Pay картасын Apple Pay немесе Samsung Pay байланыссыз төлем сервистеріне қосуға және смартфон немесе ақылды сағаттар арқылы төлемдер жасауға болады.
Бұдан бұрын Jýsan Bank Jýsan мобильді қосымшасы арқылы шотты онлайн-ашуды іске қосқан болатын. Қызмет Қазақстан бойынша қолжетімді.
Алдағы уақытта Jýsan Bank карталарының жеткізіліміне Қазақстанның барлық ірі қалаларында тапсырыс беруге болады.