«First Heartland Bank» АҚ-тың «Jýsan Bank» АҚ-қа біріктіру нысанында қайта құру туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабарлайды

Хабарландыру

«First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамының депозиторлары, клиенттері, корреспонденттері, қарыз алушылары, контрагенттерінің назарына

 

«First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамы («Jýsan Bank» АҚ) (бұрын «Цеснабанк» АҚ) 2019 жылғы 27 маусымдағы «First Heartland Bank» АҚ және «Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында «First Heartland Bank» АҚ-тың «Jýsan Bank» АҚ-қа біріктіру нысанында қайта құру туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабарлайды.

22.08.2019 жылы «Jýsan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «First Heartland Bank» АҚ-тың «Jýsan Bank» АҚ-қа біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45 және 46-баптарына сәйкес бұл қайта құру «First Heartland Bank» АҚ қызметін тоқтатуға әкелiп соқтырады, құқықтары мен міндеттері «Jýsan Bank» АҚ-қа ауысады. Осыған байланысты «First Heartland Bank» АҚ-тың барлық талаптары бойынша «Jýsan Bank» АҚ құқықты мирасқорлығы ретінде жауап беретінін, бұл кезде қайта құруды жүргізу «Jýsan Bank» АҚ депозиторлары, клиенттері, корреспонденттері, қарыз алушылары, контрагенттерімен құқықтық қатынастар нысаны мен мазмұнының өзгеруіне әкеліп соқтырмайтынын хабарлаймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби д-лы, 15, 4В-блогы, 7-қабат, телефон нөмірі бойынша +7 (727) 331-26-30.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады