Ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

Құрметті жеке тұлға клиенттер!

Jýsan Bank Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы), клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайларда (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған шоттарды қоспағанда) Банк банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы екендігін назарларыңызға жеткізеді.

Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы банк сізге 01.04.2020ж. бастап (2020ж. сәуір айының ішінде) жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартының біржақты тәртіпте ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде бұзылатынын, сондай-ақ бір жылдам астам уақыт бойы ақша болмаған және шот бойынша қозғалыс болмаған ағымдағы шоттардың жабылуы туралы хабарлайды.

Бұл хабарлама төлем карточкаларын пайдаланатын ағымдағы шоттарға қатысты емес.

Осы хабарламаны орналастыру күні: 01.04.2020 ж.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады