​Jýsan Bank-тің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелері өз қызметін тоқтатады

Қашықтан қызмет көрсету қызметі жұмысын жалғастыруда
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі (қоса алғанда) аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы барлық банк бөлімшелерінің жұмысы тоқтатылды.

Jýsan Bank бөлімшелерінің жұмысына қойылған шектеулердің барлығында ол барлық негізгі қызметтер мен қашықтықтан қызмет көрсету арналарының – жалақыны картаға есепке жатқызу мен алудың, төлемдер мен аударымдардың жүргізілуінің, ұялы және интернет-банкинг жүйелеріндегі есептеу және алудың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Төлем карталары бойынша барлық қызметтер - POS-терминалдар арқылы төлемдер, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, интернет-төлемдер, аударымдар және басқа да қызметтер толық көлемде ұсынылады.

Клиенттерге Jýsan мобильді қосымшасы, заңды тұлғалар үшін - қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі қол жетімді.

Несиені өтеу жолдары:
• Төлем карталарын қолма-қол ақшаны қабылдайтын (cash-in) функциясы бар банкоматтарда және Kassa 24 терминалдары арқылы толтыру. Содан кейін төлемді өтеу үшін Jýsan мобильді қосымшасында шотқа ақша сомасын аудару;
• Төлемді өтеу үшін Kassa24 терминалы арқылы шотты толтыру.

Jýsan Bank-тің басқа қалалардағы бөлімшелері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейіңгі жұмыс уақыты бойынша қызмет етеді.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады