Банктік шоттардан қолма-қол ақша алу бойынша заңды тұлғалар үшін белгіленген жаңа талаптар

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы сіздерге 2020 жылғы 01 шілдеден бастап   ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.2020ж. № 50 қаулысымен, ҚР ҰБ Басқармасының 21.04.2020ж. №51, ҚНРДА Басқармасының  29.04.2020ж. №54 ортақ қаулысына және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -ҚР ҚМ 29.04.2020ж. №435 бұйрығына (бұдан әрі –Қаулылар) сәйкес ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР үшін банктік шоттардан қолма-қол ақша алу бойынш қосымша талаптар күшіне енетінін хабарлаймыз.

Көрсетілген Қаулыларға сәйкес, 2020 жылғы 01 маусымнан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде: 
 

  1. Бір күнтізбелік ай ішінде қолданылатын, заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақша алу үшін шекті сомалар белгіленді:
    • шағын бизнес үшін –күнтізбелік айда 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
    • орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге;
    • ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге;
       
  2. Банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды, сондай-ақ деректерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне беруге арналған келісімді Банкке ұсына отырып, заңды тұлғалардың банк шоттарынан белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақша алу туралы мәселені мемлекеттік кірістер органымен келісімнен өткізу қажеттілігі көзделген.
     

Толығырақ ақпарат файлда

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады