Кредиттік демалыс: ШОБ клиенттері төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін қалай ала алады?

Құрметті клиенттер,

Егер карантин бойынша қолданыстағы шектеу шаралары бизнесіңіздің қаржылық жағдайына теріс әсер еткен болса, Сізге мынаны білу керек: 

2021 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейіні кезеңде «Jusan Bank»   АҚ өз клиенттерінен кәсіпкерлік мақсаттарға алынған қарыздар бойынша 3 айға дейін кейінге қалдыруға өтініштер қабылдауды бастайды. Комиссиялар мен айыппұлдарсыз! Кредиттік тарихыңызға ешқандай әсерсіз!  

 

Егер: 

  • Сіз – микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз және қызметіңіз зардап шеккен сала ретінде анықталған салаға жатса (толық тізімді сілтеме бойынша көруіңізді сұраймыз),
  • сіздің бизнесіңіз орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатса және ағымдағы шектеуші карантин шаралары жағдайында бизнесіңіздің қаржылық жағдайының нашарлағанын растай алсаңыз.
  • Қарызыңыз 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ресімделген болса, кейінге қалдыру мүмкіндігін ала аласыз.

 

Кейінге қалдыру мүмкіндігін қалай алуға болады:

1-қадам - Клиент. 2021 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейінгі кезеңде банкке кейінге қалдыру алуға өтінім беру. Өтінім еркін формада құрастырыла алады және электронды поштамен кредиттік менеджеріңізге жіберіледі немесе банк бөлімшесіне барған кезде тапсырылады. Егер сіз орта кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз, өтінімге қосымша қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды тіркеу керек. 

2-қадам - Банк. Алынған өтінімді банк оны алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде қарайды. 

 

Кейінге қалдыру қалай жұмыс істейді:

  • Кейінге қалдыру кредиттік шарттарға қосымша келісімдерге қол қоюсыз ұсынылады.
  • Кейінге қалдыру нәтижесінде қарыз мерзімінің соңына дейін бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді біркелкі бөлу не кейінге қалдыру кезеңіне қарыз мерзімін ұлғайту түрінде төлемдердің жаңа кестесі белгіленеді. Кейінге қалдыруды ұсынғанға дейін қарыз алушы төлеген төлемдер қайтарылмайды.

 

Барлық қосымша сұрақтарды нақтылау үшін Jusan Bank-тегі өзіңіздің кредиттік менеджеріңізге немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығымызға 7711 нөмірі бойынша қоңырау соға аласыз (Ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін). 

Сіздің Jusan Bank


Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады