Құрметті клиенттер!

«Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Сіздерге 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - ҚР СК) жеке тұлға - шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы түріндегі табысқа жеке табыс салығын салу нормасы қарастырылған жаңа редакцияда әрекет ететінін хабарлайды.

Осындай табыс бойынша жеке табыс салығының мөлшерлемесі 15 %.

Салық ауыртпалығын азайту мақсатында салымшы – бейрезидент Банкке келесі құжаттарды ұсынуға құқылы:

1) табыс алушы- бейрезидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжат, аталған құжат түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме түрінде ұсыныуы мүмкін, немесе

2) резиденттікті растайтын, шетел мемлекетінің құзырлы органының интернет-ресурсында орналасқан электрондық құжаттың қағаз тасымалдаушыдағы көшірмесі.

Аталған құжат Банктің салым бойынша сыйақы түріндегі табысқа салынатын жеке табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін (15% бастап 10% дейін) қолдануына негіз болып табылады.

Салық ауыртпалығын болдырмау мақсатында Банктің Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын салымшы-клиенттері Банкке өзінің резиденттігін растайтын, 2019 жылға салық органы (орналасқан, мекендеу (тұрғылықты) жері бойынша) берген құжатты ұсынулары қажет.

Толық ақпарат алу үшін Банк филиалының жеке тұлғалармен жұмыс істеу жөніндегі бөлімінің мамандарына, сондай-ақ Банктің Call Center-не 7711 (мобильді телефондардан қоңырау соғу тегін) телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан