"Цеснабанк" АҚ Сіздерге Салық кодексінің 433-бабы 1-тармағын жүзеге асыру шеңберінде біздің Банк ҚҚС бақылау шоты режимінде ағымдағы шот ашуды жүзеге асыратынын қуана хабарлайды.
ҚҚС бақылау шоты - ҚҚС сомалары бойынша ақша қозғалысын бөлек есептеу үшін қолданылатын бөлек шот.
ҚҚС бақылау шоты төмендегілерге арналған:
- бюджетке қосылған құн салығын, соның ішінде импорт және бейрезидент үшін қосылған құн салығын төлеуге;
- тауар жеткізушілері үшін қосылған құн салығын төлеуге;
- тауарларды сатып алушылар (алушылар) үшін қосылған құн салығын төлеуге;
- қосылған құн салығын төлеушілердің басқа банктік шотынан ақшаны есепке алу үшін.
ҚҚС бақылау шоты режимінде ағымдағы шот ашу және жүргізу бойынша қызметтер – тегін ұсынылады.
Шот бойынша аударым операциялары Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚҚС бақылау шоты режимінде ағымдағы шот ашу үшін Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласуыңыз қажет.