Николай Мещеряков «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Николай Ильич Мещеряков «Цесна» корпорациясының негізін қалаушылардың бірі және «Цеснабанк» АҚ-тың алғашқы Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі.

Николай Ильич өзінің осы лауазымға тағайындалуына қатысты пікірімен бөлісті:

«Бұл үлкен жауапкершілік, әсіресе бүгінде Банктің алдына қойған тапсырмаларының кең ауқымын ескеретін болсақ.

Цеснабанк – экономикада маңызды рөл атқаратын еліміздің ірі қаржы институттарының бірі. Біздің кредиттік портфеліміз үлкен, Банк әртүрлі салалардың кәсіпкерлерімен жұмыс істейді. Біз, Банктің тиімді жұмысы бизнес-клиенттеріміздің тек іскерлік табысына ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің жағдайына әсерін тигізетінін түсінеміз. Сондықтан, біз үшін ең маңыздысы – клиенттер үшін ыңғайлы жағдай жасау, оларға өз мақсаттарына қол жеткізуге септігімізді тигізу болып табылады.

Бұл ретте, біз Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Ұлттық Банкімен жүйелі қарым-қатынас орнатып, тиімді кәсіпорындарға қолдау танытатын, экономиканың дамуына септігін тигізетін жан-жақты шешімдерді қарастырудамыз.

Ульф Вокурка мырзаның басшылығымен Банк Басқармасы осы бағытта жұмыстарын жалғастырып жатыр.»

Сонымен қатар Николай Мещеряков Қ.Сатылғанов мырзаның және Е. Таджияков мырзаның Директорлар кеңесінің құрамынан шығуына байланысты пікірімен бөлісті:

«Қайрат Алпамышұлымен біз ұзақ жылдар бойы қызметтес болдық. Сатылғанов мырза 2013 жылы Тәуелсіз директор ретінде Цеснабанктің Директорлар кеңесінің құрамына қосылып, өткен жылдың қыркүйек айында оның төрағасы болып тағайындалған еді. Қайрат Алпамышұлы жеке бизнес-жобаларына байланысты Директорлар кеңесінің құрамынан шықты.

Ержан Бисенгалиевич денсаулық жағдайына байланысты Директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Ержан Бисенгалиевичке тезірек жазылып, қатарамызға қосылуын тілейміз. Алайда, оның «Цесна» компаниялар тобындағы жұмысы жалғасуда.».

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады