«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің назарына!

Z05K7B0, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 24 мекенжайында орналасқан «Цеснабанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талабына сәйкес және пруденциалдық нормативтерді орындау мақсатында Банктің жай акцияларын орналастыру жөнінде (09.11.2018 ж. №А3382 Банктің жарияланған акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігі) 22.01.2019 ж. Банктің Директорлар Кеңесінің шешім қабылдағаны туралы хабарлайды.

Баяндалғанға байланысты Банк өз акционерлеріне орналастырылатын бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес келесі шарттарда ұсынады:

1. 4 600 000 дана Банктің жай акциялары;

2. Банктің орналастырылған жай акциялар санының орналастырылатын жай акциялар санына (Банктің сатып алынған шегерімімен) арақатынасы (коэффициент k ) 0, 0593548 құрайды, 1 орналастырылған акцияға орналастырылатын акциялар келеді;

3. Банк акционерлері орналастырудың бірдей бағасымен оларда бар акциялар санына пропорционалды акцияларды тең шарттарда сатып алуға құқылы. Бұндай кезде Банктің жай акцияларын иеленуші Банктің акционерлері жай акцияларды артықшылықтармен сатып алу құқығына ие. Банк акционерлері орналастырылатын акцияларды сатып алуға өтінімді осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес бере алады. Банктің орналастырылған акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына ие акционерлердің тізімі 22 қаңтар 2019 ж. Астана қаласының уақыты бойынша 00 сағ. 00 мин. жағдай бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған тізілім негізінде құралады. Артықшылықты сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын Банктің орналастырылған акциялары үшін төлемді акционерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жүзеге асырады. 
Банк акционерлері орналастырылатын акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруға құқылы мерзім аяқталғаннан кейін акциялар инвесторлардың шектеу қойылмаған тобының арасында жазылым жолымен орналастырылады;

4. 1 (бір) жай акцияны орналастыру бағасы 2 000 (екі мың) теңгені құрайды. Акциялардың төлемі андеррайтердің ашылған Банктің шотына ақшаны қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүзеге асырылады;

5. акционер және инвестор орналастырылатын акцияларды сатып алуға өтінім бере алатын андеррайтер «Цесна Капитал» АҚ-тың пошталық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс д-лы, 29-үй. Андеррайтердің өкілі – Кошербаев М.М., байланыс телефоны – 8 (7172) 767-443.

«Цеснабанк» АҚ эмитентінің пошталық мекенжайы: Z05K7B0, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 24-үй. Артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес акцияларды сатып алу мәселелері бойынша акционерлермен өзара әрекет етуді жүзеге асыратын байланыс тұлғасы Бабенов Б.Б., байланыс телефоны – 8 (7172) 770-740.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан