«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, Z05K7B0, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан «Цеснабанк» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Цеснабанк» АҚ) Басқармасы «Цеснабанк» АҚ акционерлеріне 2019 жылдың 28 ақпанында Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Астана қ., Сығанақ көшесі, 24.

Жиналыс «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1. 2018 жылғы «Цеснабанк» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

2. «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын және өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындауы үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысы төлемдерінің мөлшері мен шарттарын анықтау.

«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау - 2019 жылғы 18 ақпан.

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 24, 1109-кабинет.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жиналыс басталуға 1 (Бір) сағат қалғанда жүргізіледі.

«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының басталуына дейін 15 (Он бес) минут қалғанда аяқталады.

Кворум болмаған жағдайда «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2019 жылдың «01» наурызында Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 24.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Цеснабанк» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: http://www.tsb.kz/.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады