Jýsan Bank-тің Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірқатар бөлімшелері толық көлемде жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді жандандырды

29 сәуір, 2020 ж., Алматы. – Jýsan Bank-тің Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірқатар бөлімшелері толық көлемде жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді жандандырды. Сонымен қатар, Астаналық филиал бөлімшелері қайтадан заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді бастады. 

Jýsan Bank бөлімшелері 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді, 13:00-ден 14:00-ге дейін үзіліс және көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі бойынша жеке тұлғаларға (кредит беруді қоспағанда) және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Нұр-Сұлтан (жеке және заңды тұлғалар үшін):

  1. Астаналық филиал, Сарайшық к-сі, 5А, ВП-1;
  2. №3 ҚО, Республика д-лы, 21, ВП 7-8, 117-кеңсе;
  3. №162 ҚО, Бейбітшілік к-сі, 43;
  4. №222 БҚО, Тәуелсіздік д-лы, 32;
  5. №240 БҚО,  Достық к-сі, 12, НП 35 (тек жеке тұлғалар).

Алматы (тек жеке тұлғаларға):

  1. №161 БҚО, Абай/Әуезов д-лы, 111/107;
  2. №259 БҚО, Әл-Фараби д-лы, 15, 4В блогы, «Нұрлы-Тау» БО, 201-каб.;
  3. №253 БҚО, Айнабұлақ-2 ы/ауд.,  71Д, «Белес» СО;
  4. №127 БҚО, Мамыр-3 ы/ауд., 23.

Jýsan Bank-тің басқа қалалардағы бөлімшелері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді және банктік қызмет көрсету қызметін толық көлемде ұсынады. Карантинге орай енгізілген шектеулерге байланысты сауда орталықтарында және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында орналасқан кейбір бөлімшелер жабылды немесе жұмыс уақытын қысқартты. Басқа қалалардағы бөлімшелердің жұмыс уақыты.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Теміртау қалаларының тұрғындары Jýsan  мобильді қосымшасы арқылы карталарды  жеткізуге  тегін тапсырыс  бере алады.

Бұдан бұрын Jýsan Bank Jýsan  мобильді қосымшасы арқылы шотты онлайн-ашуды іске қосқан болатын. Қызмет Қазақстан бойынша қолжетімді.

Jýsan Bank бөлімшелерінің жұмысына шектеулер кезеңінде ол барлық негізгі қызметтер мен қашықтықтан қызмет көрсету арналарының – жалақыны картаға есепке жатқызу мен алудың, мобильді және интернет-банкинг жүйелеріндегі төлемдер мен аударым операцияларының жүргізілу жұмысын үздіксіз қамтамасыз етеді.

Төлем карталары бойынша барлық қызметтер - POS-терминалдар арқылы төлемдер, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, интернет-төлемдер, аударымдар және басқа да қызметтер толық көлемде ұсынылады.

Қажетті операцияларды жүргізу үшін клиенттер әрдайым қолдана алады:

ТЖ әрекет ету кезеңіндегі Банк жұмысы туралы толық ақпарат.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады