Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру: қосымша көмек алу мүмкіндігі

Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты (ҚР ҰБ Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 250 және 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 114 қаулылары) 01.06.2021 жылға дейінгі мерзімде, қоса алғанда, Jýsan Bank (бұдан әрі - Банк) клиенттері Бағдарламаның шарттарына сәйкес қосымша көмек алу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

Бағдарламаға сәйкес Банк ұсынатын қосымша көмекке мыналар жатады:

  1. Бағдарламаның 1 және/немесе 2-бөлімінің шеңберінде қайта қаржыландырылған, сондай-ақ сот актілері, атқарушылық жазбалар немесе Банктің берешекті өндіріп алуы туралы нотариустың тиісті қаулылары шығарылған ХӘОТ санаты бойынша бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ХӘОТ[1] санатына жататын қарыз алушылардың қарыздары үшін:
    - қарыз алушының негізгі борыш бойынша берешегін азайту;
    - Қарыз алушыда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен кем емес мөлшерде кірістің бір бөлігін сақтай отырып, жылдық 3% -дан (үш пайыздан) аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен 20 000 (жиырма мың) теңгеден басталатын ай сайынғы төлемі бар өтеу кестесін белгілеу;
    - қарыз алушының/кепілзат берушінің Банкпен кейіннен тұрғын үйді жалдау шартын ресімдеу мақсатында қарыз бойынша кепілзаттық қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үйді банкке шегінбелі ақша бойынша беруі;
  2. 01.01.2016 ж. дейін берілген және кепіл мүлкі Банктің/КАББ[2] балансына қабылданған бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылмаған қарыздар үшін:
    - Банктің/ КАББ-тың балансында қабылданған және есепте тұрған тұрғын үйді сатып алу мақсатында жаңа қарыз беру;
    - Банктің/КАББ-тың балансында тұран баспананың жалға алушысына (бұрынғы меншік иесіне немесе оның мұрагерлеріне) үйді кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру.

Қарыз алушы және/немесе қарыз Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, Банк қосымша көмек ұсынудан бас тартуға құқылы екенін Сіздің назарыңызға қосымша жеткіземіз.

Толық ақпарат алу үшін Банк бөлімшесіне хабарласуыңызды сұраймыз.
 


[1] ҚР заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының мәртебесін растаған қарыз алушылар.

[2] Банктің күмәнді активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымы.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады