QIWI терминалдар арқылы шоттарды толықтыру

Шарттар

  • Шот/операция валютасы – ұлттық валюта;
  • Операцияның ең жоғарғы сомасы (бір жолғы) – 500 000 теңгеден артық емес;
  • Ақша енгізуші- Банк Ақша енгізушінің ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберген бір реттік (біржолғы) код негізінде Банк сәйкестендірген компанияның уәкілетті тұлғасы;
  • Операцияны жасау үшін мәліметтер: компанияның ЖСН/БСН; Ақша енгізушінің ЖСН; компанияның банктік шотының соңғы төрт саны; операцияның мақсаты; Банк Ақша енгізушінің ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберген бір реттік (біржолғы) код;
  • Қолма-қол ақшаны енгізу тәуліктің кез келген уақытында QIWI Қазақстан төлем ұйымының терминалдарында жүзеге асырылады;
  • Ақшаны есепке алу банктің операциялық күні ішінде онлайн режимінде жүзеге асырылады. Ақшаны операциялық күннен тыс қабылдаған кезде (оның ішінде демалыс және мереке күндері) ақшаны есепке жатқызу келесі операциялық күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
  • Операция жасау үшін мыналарды білу керек: SMS код Банк сәйкестендірген Ақша енгізушіге ғана жіберіледі, осыған байланысты Сізден Банк жүйесінде ақша енгізушілердің мобильді телефон нөмірлерін алдын-ала өзектендіруді сұраймыз.  SMS кодтың жарамдылық мерзімі – 1 минут; қате SMS  кодты бірнеше рет енгізген кезде, операция бірнеше минут ішінде қолжетімсіз болады. 

 

Тарифтер

  • Қызметтер көрсету үшін – төлем ұйымы жарна сомасынан 1% мөлшерде комиссия сыйақысын алады;
  • Клиенттің банктік шотына ақша есепке алу үшін Банк комиссия сыйақысын алмайды.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады