Туыстарыңызға, жақындарыңызға, достарыңызға ыңғайлы және жылдам әдіспен ақша жіберіңіз:
- Банкоматтарда және Банк қосымшасында картадан картаға ақша аударымымен
- Банкоматтарда және/немесе басқа банктердің сайттарында
Қазақстан бойынша Visa/ Mastercard аударымымен қалай ақша жіберуге болады?
- Ақша алушының төлем картасының нөмірін білу керек
- Ақша алушының төлем картасының нөмірін енгізу
- Аударым сомасын көрсету
- Аударымды растау
Visa/ Mastercard аударымымен ақшаны қалай алуға болады?
- Ақша жөнелтушіге өзіңіздің төлем картаңыздың нөмірін хабарлау
- Ақшаны алу
Картадан картаға ақша аударымдары бойынша қызмет тәулік бойы қолжетімді.
Ескертпе: Банктің төлем карталары бойынша ақша аудару операцияларын өткізу тарифтері аударым жүзеге асырылатын карточкалық өнімдерге сәйкес анықталады.
Банктің мобильді қосымшасында картадан картаға ақша аударымы бойынша операцияларды жүргізу лимиттері:
(клиент Банктің тәулік бойы жұмыс істейтін қызметіне хабарласқан кезде өзгертілуі мүмкін):
Аударым операцияларының сомасына жалпы лимит | 800 000 теңге/аударым күнінде төлем карталары үшін Банк белгілеген бағам бойынша АҚШ долларындағы немесе евродағы эквиваленті |
Халықаралық төлем жүйелері белгілеген картадан картаға ақша аудару бойынша операцияларды жүргізуге жалпы лимиттер:
(клиент хабарласқан жағдайда өзгертілмейді):
Бір операция үшін аударым сомасына лимит | 2 500 АҚШ доллары/ аударым күнінде төлем карталары үшін Банк белгілеген бағам бойынша теңгедегі немесе евродағы эквиваленті |
Тәуліктегі аудару операциялары санына лимит | 5 |
Тәуліктегі аудару операциялары сомасына лимит | 5 000 АҚШ доллары/ аударым күнінде төлем карталары үшін Банк белгілеген бағам бойынша теңгедегі немесе евродағы эквиваленті |
Бір айдағы аудару операциялары санына лимит | 20 |
Бір айдағы аудару операциялары сомасына лимит | 20 000 АҚШ доллары/ аударым күнінде төлем карталары үшін Банк белгілеген бағам бойынша теңгедегі немесе евродағы эквиваленті |
Төрт күндік кезеңдегі аудару операцияларының санына лимит | 20 |
Төрт күндік кезеңдегі аудару операцияларының сомасына лимит | 9 000 АҚШ доллары/ аударым күнінде төлем карталары үшін Банк белгілеген бағам бойынша теңгедегі немесе евродағы эквиваленті |
Халықаралық төлем жүйелерінің талабы бойынша картадан картаға ақша аудару бойынша операцияларға қатысудан алынып тасталған елдер тізімі:
- Visa төлем карталары үшін: Куба, Иран, Индия (кредиттік карталар), Судан, Сирия, АҚШ.
- Mastercard төлем карталары үшін: Куба, Иран, Судан, Сирия.
Ескертпе: Басқа банктердің эквайринг желісінде операциялар жүргізген кезде лимиттер мен елдер тізімін эквайер-банк реттейді.