3D Secure қауіпсіз сатып алулар технологиясы мобильді телефонға автоматты түрде жолданатын және төлем картасындағы ақша қаражатына рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғайтын біржолғы кодтың көмегімен төлем картасы ұстаушысын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Бұл қалай жұмыс істейді?
1. Сатып алу
Интернет-дүкен арқылы сатып алулар жүргізу кезінде аталған дүкенде Verified by Visa/ Mastercard SecureCode технологиясының қолдануына назар аударыңыз (сайта тиісті таңбасының болуы).
2. Қоды бар SMS алу
Интернет-дүкенде төлемді жүзеге асыру үшін сұратылатын деректемелерді енгізгеннен кейін мобильді телефоныңызға жолданған біржолғы кодты енгізу үшін арнайы парақшаға автоматты түрде өтесіз.
3. Кодты енгізу
Хабарламада көрсетілген кодты арнайы бағанға енгізіп, төлемді растаңыз.
Назар аударыңыз!
Сәтті онлайн-операция жүргізу үшін Сіздің төлем картаңызды SMS-хабарландыру қызметіне қосу қажет. SMS-хабарландыру қызметін қосу үшін Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне немесе Call center-ге хабарласыңыз.