«Цеснабанк» АҚ-тың Mastercard төлем карточкалары бойынша Cashback - бағдарламасы

Cashback - төлем карточкалары ұстаушылары тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлем жүргізген кезде сатып алынған тауар және қызмет, соның ішінде интернет-төлемдер сомаларының бөлігін сол сәтте қайтаруға мүмкіндік беретін Банк қызметі.

Қызмет TSESNA PAY, Mastercard DEBIT, Mastercard PLATINUM және Mastercard PREPAID (дербестендірілген*) төлем карталары үшін қолжетімді.

Төлем картасының түрі

Мөлшерлемесі

TSESNA PAY

1%**

Mastercard DEBIT

0, 5%

Mastercard PLATINUM

Mastercard PREPAID

(дербестендірілген)

*MASTERCARDPREPAIDдербестендіру – бұл төлем картасы ұстаушыларының Банкке ұсынған құжаттар пакетінің негізінде оның сәйкестендіру деректерін тіркеу. Аталған процедураны орындау кезінде картаның банктік шотын ашу төлем картасы ұстаушыларының деректерін төлем картасына байланыстыра сәйкестендіру жүзеге асырылады. Әдепкі қалпы бойынша MASTERCARD DEBIT стандартты тарифтері белгіленеді.

** ең көп Cashback төлемі айына 15 000 теңге

ең аз Cashback төлемі – айына 500 теңге

Cashback келесі операциялар бойынша төленбейді:

1) қолма-қол ақша алу;

2) ақша аударымдары, ақшаны есепке алу;

3) қаржы институттары ұсынатын қызметтер төлемі бойынша операциялар;

4) ұтыс және бәс тігу төлемдері, лотерея, казино фишкаларын, шетел валютасын, құнды металдарды, бағалы қағаздар мен облигацияларды сатып алу;

5) жарнасы бар қаржы мәмілелері, ломбард үшін төлем;

6) мобильді байланыс, интернет және телевизиялық қызметтер үшін төлем бойынша операциялар;

7) сақтандыру, салық, бюджетке төленетін төлемдер, кеден төлемдері бойынша қызметтер үшін төлем;

8) коммуналдық қызметтер үшін төлем;

9) жеңіл және жүк автомобильдері дилерлігімен байланысты төлемдер.

Тауарларды және қызметтерді қайтару жағдайында Cashback төленбейді.

Cashback –жұмсай отыра жинақтаңыз!

Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады