Арнайы ораудағы аффинирленген инвестициялық алтынның сертификатталған өлшеуіш құймалары бойынша
клиент жадынамасы
Құрметті клиент!
«First Heartland Jýsan Bank» АҚ арнайы ораудағы аффинирленген алтынның сертификатталған өлшеуіш құймалары туралы ақпаратты мәлімдеп отыр.
Қорғаныш орауы құйма сапасының сертификаты болып табылады.
Ұқыпты сақтау қажет! ОРАУДЫ АШУҒА БОЛМАЙДЫ!
Құймаларды сейфтік сақтау бойынша Банк қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.
Құйма – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тапсырысы бойынша 2017 жылдан бері Қазақстан теңге сарайымен дайындалған, арнайы ораудағы аффинирленген алтынның сертификатталған өлшеуіш құймасы.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
5 грамдық өлшеуiш құйма | 10 грамдық өлшеуiш құйма | 20 грамдық өлшеуiш құйма | 50 грамдық өлшеуiш құйма | 100 грамдық өлшеуiш құйма |
Арнайы орау – ораудың тұтастығын растайтын қорғаныш элементтері бар аффинирленген алтынның сертификатталған өлшеуіш құймаларға арналған арнайы орау.
Бүтін арнайы орау – қорғаныш элементтерін сақтаған орау.
![]() | ![]() |
Банк клиенттен сатып алу күнгі қолданыстағы Банк белгілеген сатып алу бағамы бойынша бүтін арнайы ораудағы құйманы сатып алады. Аффинирленген инвестициялық алтынның сертификатталған өлшеуіш құймаларын сатып алу-сату бағамы туралы ақпарат Банктің www.jysanbank.kz сайтында орналастырылады.
Ашылған арнайы орау – қорғаныш элементтері бұзылған орау.
Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сараптамаға одан әрі жіберумен, ашылған арнайы орауы және зауыт ақауы немесе басқа зақымы бар құймаларды инкассоға қабылдайды.
Ашылған арнайы орауы және зауыт ақауы бар құймаларды инкассоға қабылдағаны үшін Банктің комиссиялық сыйақысын клиент құймаларды Банкке табыстау күні Банк белгілеген тариф бойынша төлейді. Инкассоға құймаларды қабылдау үшін тарифтер бойынша ақпарат Банктің www.jysanbank.kz сайтында орналастырылады.
Ашылған арнайы орауы және зауыт ақауы немесе басқа зақымы бар құймалар сараптамасының нәтижелерін алу мерзімі Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдаған күннен бастап кемінде 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.
Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сараптаманың оң нәтижесін алған кезде, Банк клиенттен алған құймалардың құнын Банкте ашылған клиенттің банктік шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен Банкке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аударған өтеу сомасында ақша аудару арқылы төлейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сараптама жүргізіп, қолдан жасау белгілерін анықтаған кезде, құйма және/немесе оның қалдықтары сараптамадан кейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына беріледі. Қолдан жасау белгілері бар құймаларға ақы төленбейді.
Банк клиентке кейіннен сараптаманың қорытындысын бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сараптама нәтижелерін алған кезден бастап операциялық 2 (екі) күннен кешіктірмей клиентке хабарлайды. Қолдан жасау белгілері бар құймаларға ақы төленбейді.
Қызмет келесі бөлімшелерде қолжетімді:
Бөлімше/филиал атауы | Мекенжайы |
Орталық офис, Астаналық филиал | 010000, Нұр-Султан қ., Сарайшық к-сі, 5а, ВП-1 |
№241 "Алатау" VIP орталығы, Астаналық филиал | 010000, Нұр-Султан қ., Есіл ауд., Достық к-сі, 1-үй, ВП 7 |
Орталық офис, Алматы филиалы | 050013, Алматы қ., Бостандық ауд., Әл-Фараби д-лы, 15-үй |
№251 VIP орталығы, Алматы филиалы | 050040, Алматы қ., Бостандық ауд., Әл-Фараби д-лы, 140 А («VILLA Boutiques & Restaurants» кешені) |
Орталық офис, Оңтүстік Қазақстан филиалы | 160050, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан к-сі, 17/6 үйі |
№245 VIP орталығы, Оңтүстік Қазақстан филиалы | 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Желтоқсан к-сі, 17 |
Орталық офис, Қарағанды филиалы | 100019, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7/4 үйі |
№34 ДҚО, Қарағанды филиалы | 100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Ерубаев к-сі, 24-үй |
Орталық офис, Шығыс Қазақстан филиалы | 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қабанбай батыр к-сі, 120/1 үйі |
Орталық офис, Павлодар филиалы | Павлодар қ., Ак. Сәтбаев к-сі, 154 |
Орталық офис, Атырау филиалы | Атырау қ., Құлманов к-сі, 144 |
Орталық офис, Костанай филиалы | Қостанай қ., Дулатов к-сі, 58 |
Орталық офис, Батыс Қазақстан филиалы | Орал қ., Ғ. Қараш к-сі, 31 |
Барлық сұрақтар бойынша 7711 нөміріне хабарласыңыз.