Аллокирленбеген металл шот

«First Heartland Jusan Bank» АҚ өз клиенттеріне аллокирленбеген металл шот арқылы асыл металлдарға (алтын) қаражат инвестициялау қызметін ұсынады.  

Аллокирленбеген металл шот – бұл дербес деректерін көрсетпей (құйма нөмірін, өндіруші маркісін және т.б.) троя унциясындағы металл қозғалысын есепке алу үшін Банк Клиентке ашатын шот.

Қаражатты асыл металлдарға салу әрдайым сенімді болуға және капитал үшін уайымдамауға мүмкіндік береді. Сіздің табысыңыз алтынның әлемдік нарықтардағы құнының өзгеруі есебінен қалыптасады. 

Алтынды сатып алу және сату бағамын Банк күн сайын белгілейді. 

 

Металлға (алтынға) инвестиция жасау қалай жүзеге асады? 

  • Банк бөлімшелерінде/ «Jusan» мобильді қосымшасында аллокирленбеген металл шот ашу;
  • металл (алтын) құнын бақылау;
  • Банк бөлімшелерінде/ «Jusan» мобильді қосымшасында металл (алтын) сату және сатып алу бойынша мәмілелер жасау

 

Металл шоттың талаптары:

Металл түріалтын
Ең аз лот1 троя унциясы (1 троя унциясы 31,1035 граммға тең)
Мерзімділігі (ай)мерзімсіз (шотта 3 (үш) жылдан астам ТБМ* болмаған жағдайда – шот жабылады)
Сатып алу/сату бағамыБанктің белгілеген бағамдарына сәйкес. Валюта коды (алтын) - XAU.
  
ҚосымшаТБМ сатып алу/сату Банк бөлімшелерінде ағымдағы шоттардың көмегімен ағымдағы шоттар (KZT  ұлттық валютада және USD  шетел валютасында) көмегімен қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату жолымен, «Jusan» мобильді қосымшасында KZT ұлттық валютадағы ағымдағы шот көмегімен троялық ункцияның еселік мөлшерінде ғана жүзеге асырылады.  

*ТБМ – тазартылған бағалы металл

 

Металлға инвестиция жасау неге тиімді? 

  • сатып алу және сату операцияларын жасаудың ыңғайлылығы мен жеңілдігі;
  • алтын құнының өсуі есебінен табыс алу мүмкіндігі;
  • алтын сатып алу кезінде ҚҚС болмауы;
  • шотты тегін ашу, жүргізу және жабу.

 

Ресімдеуге қажет құжаттар:

ЖСН бар жеке басты куәландыратын құжат.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады