Қолайлы қызмет көрсету
First Heartland Jýsan Bank заңды тұлғаларға шот ашуды және жүргізуді, теңге және шетел валютасымен есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ ағымдағы шотпен байланысты толық қызмет спектрін ұсынады.
Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудің тарифтері мен деңгейі First Heartland Jýsan Bank-тың басты бәсекелестік артықшылығы. Біздің тәжірибелі мамандарымыз Сіздерге төлем операцияларын жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын және серіктестермен есеп айырысудың қолайлы нұсқасын анықтауға әрқашан көмектеседі. Біздің Банкте қызмет көрсету Сіздердің контрсеріктестеріңізге тараптардың арасында тегін төлем жүргізуге мүмкіндік береді.
Біздің Клиенттерімізге «Интернет-Банкинг» электронды жүйесі қолжетімді, оның көмегімен тікелей өз офисіңнен төлем жүргізуге, сондай-ақ Банкпен бірқатар қосымша операциялар және хат жазысуды жүзеге асыруға болады. Бұл жүйені тиімділігі жоғары, бұның маңызы аз емес, оны пайдаланғаны үшін төмен және тіркелген төлем ерекшелейді.
First Heartland Jýsan Bank әр Клиенттің қажеттілігін өзара тиімді ынтымақтастықты негізге ала отырып, банк қызметінің кең спектрінде барынша қанағаттандыруға ұмтылады.