Аударым және кассалық операциялар

 

 

Ақша төлемдері мен аударымдары

Аз ғана уақытта әлемнің кез келген нүктесіне!

 

 

First Heartland Jýsan Bank ұлттық және шетел валютасымен мынадай ақша аударымдарын жүзеге асырады:

  • клиенттердің пайдасына басқа банктерге аудару;
  • «First Heartland Jýsan Bank» АҚ клиенттері арасындағы аудару;
  • операциялық уақыттағы мерзімді аудару;
  • зейнеткерлік жинақтау қорларына зейнеткерлік жарналарды төлуге аудару;
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеуге аудару;
  • шот ашпай салық және кеден төлемдерін аудару;

Клиенттің ақша аудару туралы тапсырмасын орындау First Heartland Jýsan Bank-тің филиаларалық есеп айырысу жүйесін пайдаланып «күнбе күн» жүзеге асырылады. Бұл ақша қозғалысы мерзімінде айтарлықтай көрініс табады. Аудару ҚР Ұлттық банкінің есеп айырысу жүйесі және Банктің Қазақстандағы, сол сияқты, одан тыс жерлердегі корреспонденттік қатынастар желісі арқылы болуы мүмкін. Клиенттің өтінішімен Клиент шотына қызмет көрсетуші Банк маманы төлем құжаттарын теңгемен және шетел валютасымен бар талаптарға сәйкес ресімдеуге көмектеседі. Бұл қызметке төлем Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың корреспондент Банктері.

Құрметті бухгалтерлер,мына сілтеме бойынша МТ-102 файлдарының дұрыстығын тексеру жүйесі орналастырылған


Кассалық операциялар мен инкассолау
 

Жұмысты оңтайландыру

Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу кезінде First Heartland Jýsan Bank банк қызметінің толық тізбесін ұсынады: қабылдау, қайта есептеу, Клиенттің шотына есепке алу, сондай-ақ Клиенттің шотынан ұлттық және шетел валютасымен қолма-қол ақша алу.

Клиент қолма-қол ақшаны алдын ала берілген өтінім бойынша және онсыз да ала алады. Банкке алдын ала берілген өтінім бойынша ақша алу үшін берілетін сыйақы мөлшерлемесі өтінімсізге қарағанда төмен.

Банктің жекелеген филиалдарында өзінің инкассолау қызметі бар, ол Клиенттердің ақша түсімін инкассолаудың оңтайлы кестесін таңдауына мүмкіндік береді. Арнайы дайындалған қызметкерлер, брондалған автомобильдер Сіздің құндылықтарыңыз бен ақшаңыздың сенімді қорғалуын және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Қолма-қол ақшаны, сондай-ақ майдалайтын монеталарды инкассолау және жеткізу Клиентпен келісілген уақытта және орында жүргізіледі. Бұл сауда қызметін жүзеге асырушы Клиенттердің өз сауда құрылымдарының жұмысын қолма-қол ақшамен жұмыс істеудің жоғары қауіпсіздік деңгейін оңтайландыруға жол ашады.

Банк уақыты Клиент уақытына сай келеді!

Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады