Сайтты қолдану ережелері

www.jysanbank.kz сілтеме бойынша орналасқан «First Heartland Jýsan Bank» АҚ ресми сайтын (әрі қарай – Сайт) қолданар алдында, Сізден төменде келтірілген Сайтты қолдану ережелерімен (әрі қарай – Ереже) танысып шығуыңызды сұраймыз.

1. Жалпы ақпарат

1.1. Сайттың мазмұны тек ақпараттық сипатқа ие. Сайтта белгіленген қызметтерді көрсету шарттары Банк үшін тек олар Банк пен клиент арасында жасалатын шартқа енгізілген жағдайда ғана міндетті болады.

1.2. Банк Сайт қолданушыларына алдын ала хабарламастан, Сайттың мазмұнын және құрылымын кез келген уақытта және бір жақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

1.3. Егер Банк тікелей басқасын көрсетпесе, Сайтта көрсетілген ақпарат оферта, ұсыныс немесе Банктің қызметтерін сатып алу туралы өтініш болып есептелмейді.

1.4. Банк Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жарияланған ақпараты қоспағанда, Сайтта қамтылған ақпараттың әрдайым нақты әрі толық болатынына кепілдік бермейді.

1.5. Банктің пікірінше, Сайтта ұсынылған ақпарат сенімді дереккөздерден алынған, дегенмен бұл әр қолданушының Сайтта көрсетілген ақпаратты және оның жарамдылығын өздігінен бағалау міндетін жоққа шығармайды.

1.6. Сайт қолданушылары сайтта қамтылған ақпараттың өзектілігін Банктің кез келген бөлімшесінен немесе Банктің Call center телефондары бойынша нақтылауға құқылы.

2. Жауапкершілік

2.1. Банк Сайтты пайдалану нәтижесінде, соның ішінде Банкке немесе оның өкіліне Сайттағы қателер туралы белгілі болған жағдайларда, туындаған қандай болмасын шығындар мен залалдар үшін жауапкершілікті көтермейді. Сайтта орналастырылған құжаттар нысандарын толтырмас бұрын, 7711-Call center телефоны бойынша Банк өкілімен байланысқан жөн.

2.2. Банк Сайтты немесе онда көрсетілген ақпаратты пайдалану нәтижесінде немесе Сайтта ұсынылған қызмет, өнім немесе Сайттың өзі не оның бөлігі қандай болмасын себеппен қолжетімсіз болған, немесе Сайт жұмысы тоқтатылған немесе үзілген себеппен туындаған залал үшін жауапкершілікте болмайды.

3. Бөгде ресурстарға сілтемелер

3.1. Сайтта үшінші тараптардың бастапқы беттеріне сілтемелер қамтылуы мүмкін. Банк үшінші тараптар сайттарының мазмұны және соларда ұсынылатын қызметтер үшін, сонымен қатар, Сайтта орналастырылған мәтіндік сілтемелердің пайдаланылуымен осындай сайттарға кіріп-шығу нәтижесінде туындаған залал не зиян үшін жауапкершілікте болмайды.

4. Зияткерлік меншік нысандарына құқықтар

4.1. Банк және/немесе үшінші тұлғалар, егер осындай ақпарат Сайтта тікелей көрсетілген болса, Сайтқа, онда қамтылған мәтіндік, графикалық және өзге көрімделген ақпаратқа, сондай-ақ, аудио - және басқа түрдегі өзге ақпаратқа меншік құқығын, авторлық құқықтарды және басқа барлық бейматериалдық құқықтарды өзіне қалдырады. Зияткерлік меншік нысандарына құқықтар иесінің тиісті жазбаша рұқсатынсыз Сайттың мазмұнын және онда қамтылған ақпаратты тираждауға, таратуға, түрлендіруге, толықтыруға немесе көшірмелеуге тыйым салынады.

4.2. Сайттың мазмұнынан дәйексөз алу, оның Банк мүддесіне нұқсан келтірмеуі шартында, тиісті ақпарат алынған дереккөзге сілтеме көрсету арқылы ғана рұқсат етіледі.

5. Құпиялылық және жауапкершіліктен бас тарту

5.1. Банк қолданушылар ерікті түрде ұсынған (мысалы, электрондық хатты жіберген, мәлімдемені толтырған кезде) деректерден басқа сайтта қолданушылардың жеке деректерін жинамайды. Қолданушының осылайша ұсынған кез келген ақпараты үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз, және Банк ақпаратты тек қолданушы оны ұсынған мақсатта ғана пайдаланады.

5.2. Сайттың жұмысы үшін «Cookie» файлдары пайдаланылады. Cookies – бұл Сайт сәйкестендіру, Сайттың ресурстарына қолжетімділікті жеңілдету және жеделдету үшін пайдалануы мүмкін қызметтік ақпараттық файлдар. Сіз «Cookie» файлдарын пайдаланудан интернет-браузеріңіздің баптауларының көмегімен бас тарта аласыз және бұл өз кезегінде, Сайт ұсынатын барлық мүмкіншіліктерді пайдалануды шектейді.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады