Сейфтік ұяшық – Банктің арнайы жабдықталған орынжайы – cақтау қоймасында орналасқан секция ішіне орнатылған металл жәшік-сейф (автоматты сақтау камерасының баламасы). Сейфтің бір мезгілде екі кілтпен ашуға болатын арнайы құлпы бар (бір кілт ұяшық иесінде, екіншісі банк қызметкерінде). Сақтау қоймасы тәулік бойы күзеттің бақылауында және өртке қарсы жүйемен жабдықталған.
Сейфтік ұяшықты жалға алу мақсаты – ақша қаражатын, құндылықтар мен құжаттарды сенімді, қауіпсіз және құпия түрде сақтау.
Ұяшық түрлері: кіші, орта және үлкен.
Ұяшықты жалға алу мерзімі: 1 күннен бастап 1 жылға дейін (кейіннен мерзімін ұзарту мүмкіндігімен).
Қажетті құжаттар: жеке тұлғасын куәландыратын құжат. Үшінші тұлғалар үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат.
Тарифтер: сейфтік ұяшықты 3 айдан астам мерзімге жалға алған кезде «First Heartland Jýsan Bank» АҚ филиалдарының тарифтеріне сәйкес жеңілдік беріледі.