Сауда қаржыландыру

Сауда қаржыландыру – Сіздің бизнес жүргізудегі бәсекеге қабілетті артықшылығыңыз

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ экспорт-импорттық операцияларды жүзеге асыратын компания қызметінің қажетті элементі ретінде сауда қаржыландыру қызметін пайдалануды ұсынады. Кәсіби мамандар командасына сүйене отырып және халықаралық нарықта банктік операцияларды жүргізу бойынша мол тәжірибеге, сондай-ақ корреспондент-банктердің дамыған желісіне ие бола отырып «First Heartland Jýsan Bank» АҚ компанияларға сауда қаржыландыру мәмілелерін құрылымдау бойынша қызметтер спектрін ұсынады.

Сауда қаржыландыру – халықаралық сауда, соның ішінде құжаттамалық құралдарды пайдалану арқылы жасалғанэкспорт-импорттық келісімшарттар бойынша сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру. Төлеудің сенімді тәсілі құжаттамалық аккредитив болып табылады.

Сауда қаржыландырудың артықшылықтары:

  • Айналымға қосымша ақша ресурсын тарту;
  • Серіктеспен жасалатын есеп айырысулар бойынша тәуекелдерді азайту;
  • Қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету;
  • Қаржыландыру мерзімінің ұзақтығы.
  • Сауда операциялары бойынша серіктестермен есеп айырысу сызбаларын

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ ұсынатын сауда қаржыландыру құралдары:

импорттық аккредитивтер (растаумен, кейінгі қаржыландырумен, ЭКА сақтандырушылық өтемі арқылы)

  • экспорт алдындағы қаржыландыру
  • импорттық келісімшартты мақсатты қаржыландыру
  • контр-кепілдіктер
  • экспорттық аккредитивтер және кепілдіктер
  • құжаттамалық инкассо

Құжаттамалық аккредитив – бенефициар аккредитивтік шарттарына сәйкес құжаттарды ұсынуы шартында Банктің бенефициар пайдасына белгіленген мерзімде төлем жасауы жөніндегі қайтарылмайтын міндеттемесі.

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ-пен ынтымақтастық артықшылықтары

  • Сауда қаржыландыру саласындағы өнімдер мен қызметтердің толық спектрі
  • Ірі халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық
  • Жедел және сапалы қызмет көрсету
  • Қазақстан бойынша кең таралған банктік желі

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ келесі қызметтерді ұсынады:

  • Сыртқы сауда мәмілесі бойынша кеңес беру, мәмілені жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беру
  • Келісімшарттар бойынша төлем шарттарын жасауға жәрдемдесу
  • Есеп айырысудың тиімді түрлерін таңдауға, қаржыландырудың одан әрі тартымды схемасын анықтауға жәрдемдесу
  • Тиімді шарттармен сыртқы қаржыландыруды іздестіру
Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады