Валюталық бақылау және айырбастау

Валюталық бақылау

First Heartland Jýsan Bank Клиенттерге кең қызмет спектрін көрсете отырып, валюталық операцияларды жүргізеді:

  • жүргізілген валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
  • сыртқы экономикалық шарттардың, соның ішінде шарт жобалары талаптарының Қазақстан Республикасының валюта заңнамасы талаптарына сәйкестігі мәселелері бойынша консультациялар;
  • валюталық реттеу мен бақылау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Банкке ұсынылған құжаттардың бланкілерін толтыру тәртібі бойынша консультация беру және көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды алып өтуді қарастыратын келісімшарт бойынша мәмілелер паспортын ресімдеу (валюталық бақылауға алу);
  • Клиенттердің сұрау салуы бойынша валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері мен дубликаттарын беру;
  • хабарлама қосымшасы бар шот көшірмесін беру кезінде ақшаның шетел валютасымен есепке алынғаны туралы телефонмен, сондай-ақ "Банк-Клиент" жүйесі бойынша Клиенттерді хабардар ету;
  • Қазақстан Республикасының валюта заңнамасындағы өзгертулер жөнінде Клиенттерді ақпараттандыру, валюталық операциялар мен валюталық реттеу режимдерін (паспорттау, тіркеу, хабарлау) орындау тәртібіне қатысты түсіндірмелер беру.

Банк өз Клиенттерінің халықаралық шарттарын сүйемелдеу жөніндегі қажетті шаралардың бәрін толық аяқталғанша жүргізеді. Клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары кәсіби деңгейі – көп жылдық жұмыс тәжірибесінің нәтижесі.

Өз Клиенттеріне валюталық реттеу және бақылау мәселелері бойынша консультацияны Банк тегін береді, ол халықаралық мәмілелерді кідіріссіз жасауға көмектеседі, мәміле паспортын ашуды жүргізеді. Бұл тауарды кедендік ресімдеу немесе төлем жүргізу уақытын қысқартады, ол шарт міндеттемелерінің уақытында орындалуына ықпал етеді. Банктің валюта заңнамасы нормалары бұзылған жағдайда туындаған жауапкершілік мәселелері жөніндегі консультациясы Клиентті бұзушылық жасаудан, валюталық реттеу және бақылау органдары тарапынан әкімшілік жаза қолданудан сақтандырады.

First Heartland Jýsan Bank өз Клиенттерінің халықаралық байланыстарына ықпал етеді.

Білімді игеру және жауапты көзқарас


 

Айырбастау

First Heartland Jýsan Bank өз Клиенттеріне шетел валютасын теңгеге немесе өзге шетел валютасына сатып алу/сатудың (айырбастау) неғұрлым тиімді шарттарын ұсынады. Ірі сомаларды айырбастау кезінде жеке бағам белгілеу мүмкіндігі бар. Шетел валютасын сатып алу/сатудың Банктік бағамы валюта бағамының өзгермелілік дәрежесіне қарай белгіленеді, олар банкаралық баға белгілеуге барынша жақындатылған.

Банк қарыздарына қызмет көрсету бойынша шетел валютасын сатып алу/сату шарт негізінде өндіріп алынады.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады