​Ағымдағы шоттардың түрлері

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар және адвокаттар, кәсіби медиаторлар үшін келесі шот түрлерін ұсынады:
 

Ұлттық валютадағы ағымдағы шот Сіздің Қазақстан Республикасының аумағындағы серіктестеріңізбен есеп айырысуға, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді төлеуге арналған.

Шетел валютасындағы ағымдағы шот ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан аумағында, сондай-ақ оның аумағынан тыс шетел валютасында есеп айырысуға арналған. Банк валюталық бақылау қызметін, соның ішінде валюталық заңнама, паспорттар, мәмілелер ресімдеу және т.б. мәселелері бойынша кеңес беру қызметін ұсынады.

Лимиттелген режимдегі ағымдағы шот. Банк Компания филиалдарының ағымдағы шоттарының Компания бекіткен және ұсынған бюджетке сәйкестігіне мониторинг жүргізу және жағдайын қадағалау бойынша қызметтерді ұсынады. Шот арқылы төлемдер клиент бөлген және бекіткен айлық бюджетке сәйкес лимиттелген тәртіпте жүзеге асырылады.

Транзиттік режимдегі ағымдағы шот ақшаны жинақтауға және кейіннен Сіздің ағымдағы шотыңызға аударуға арналған. Аталған қызмет Қазақстан аумағында таралған филиалдар мен өкілдіктер желісі бар клиенттер үшін ыңғайлы.

Эскроу счет үшінші тұлғаның атына ашылған банктік шоттағы ақшаны Клиент белгілеген талаптар басталғанға дейін немесе үшінші тұлға оларды орындағанға дейін банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыруға аталған тұлғаның құқығын шектеу арқылы депозитте сақтауға арналған.

ҚҚС бақылау шоты режиміндегі ағымдағы шот ҚҚС төлеушілеріне ашылады және ҚҚС бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алуға арналған, соның ішінде:

  • бюджетке қосылған құн салығын, соның ішінде импорт және бейрезидент үшін қосылған құн салығын төлеуге;
  • тауар жеткізушілері үшін қосылған құн салығын төлеуге;
  • тауарларды сатып алушылар (алушылар) үшін қосылған құн салығын төлеуге;
  • қосылған құн салығын төлеушілердің басқа банктік шотынан ақшаны есепке алу үшін.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады