Сұрақтар мен жауаптар

Құрметті клиент!

Біз ребрендинг жүргізгенімізді және бүгінде Цеснабанк - First Heartland Jýsan Bank деген жаңа атауға ие екендігі жөнінде қуана хабарлаймыз! Ол қазақ тілінде «жусан» деген мағынаны білдіреді. Бұл Ұлы Даланың ежелден құрметтелетін өсімдігі, дәстүрлі қазақ мәдениетінің киелі бөлшегі. Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – жаңғыру мен жаңарудың жұпар иісі екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің Отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады. Біздің Банктің латын жазулы қазақша жаңа атауы - Jýsan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен прогресімізді білдіреді.

Төменде назарыңызға Банк атауының өзеруіне байланысты туындауы мүмкін сұрақтарға жауаптар ұсынамыз:

1. Сұрақ: Ребрендингтен кейін Цеснабанктегі жинақтарым қандай жағдайда болады?
 

Жауап: Ребрендинг Сіз және First Heartland Jýsan Bank (бұрынғы атауы - «Цеснабанк» АҚ) арасындағы заңдық келісімдерге әсер етпейді.Банк жаңа белгімен қалыпты тәртіпте жұмыс істейді және «Цеснабанк» АҚ клиенттері алдындағы міндеттемелерді толық көлемде орындайды. Сондай-ақ First Heartland Jýsan Bank Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылатынын да айта кеткеніміз жөн.

2. Сұрақ: Цеснабанкте деректемелер өзгере ме?

Жауап: Банктік деректемелер бұрынғыша қалады, тек Банк атауы ғана өзгереді - First Heartland Jýsan Bank

3. Сұрақ: Цеснабанктешоттарды қайта ашу –шартты құжаттамаға қайта қол қою талап етіле ме?
 

Жауап: Шоттарды қайта ашу қажет емес. Сондай-ақ ребрендингке байланысты бұрын жасасқан шарттарды өзгерту де талап етілмейді. First Heartland Jýsan Bankбарлық қызметті толық көлемде ұсынады.

4. Сұрақ: Цеснабанктебанктік карталарды қайта шығару қажет пе?
 

Жауап: Карточкаларды қайта шығару қажет емес. First Heartland Jýsan Bankбарлық қызметті толық көлемде ұсынады. Ребрендинг процессі бірте-бірте және кезең-кезеңмен жүргізіледі, уақыт өте келе жаңа карталар шығуына қарай олардың дизайнын өзгертеміз.

5. Сұрақ: Цеснабанктебанктік карталарға қызмет көрсету бойынша тарифтер өзгере ме?
 

Жауап: Банктік карталарға қызмет көрсету тарифтері бұрынғыша қалады.

6. Сұрақ: «Цеснабанк» АҚ банкоматтарынан немесе кассаларынан қолма-қол ақша алу бойынша кідірістер/іркілістер бола ма?
 

Жауап: Ребрендинг Банктің операциялық жұмысына әсер етпейді. First Heartland Jýsan Bank банкоматтарынан/кассаларынан қолма-қол ақша алу бойынша шектеулер жоқ. Басқа банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу көлемі сол банктермен дербес реттеледі.

7. Сұрақ: Цеснабанкте маған қызмет көрсететін менеджер өзгере ме?
 

Жауап: Жоқ, барлық менеджерлер штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

8. Сұрақ: Цеснабанкте банктің байланыс телефондары, телефон, вэб-сайт, е-майл, офистердің орналасқан жерлері өзгере ме?
 

Жауап: Байланыс телефондары және офистердің орналасқан жерлері өзгеріссіз қалады. Вэб-сайт және электронды пошта мекенжайлары біртіндеп өзгертіледі, алайда біз бұрынғы мекенжайлардан www.jysanbank.kz, info@tsb.kz, pr@tsb.kz қайта бағыттау функциясын баптаймыз және Сізбен байланыста боламыз.

9. Сұрақ: «Цесна24» мобильді қосымшасы қолжетімді бола ма?

Жауап: «Цесна24» мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істейді. Банктің тіркеулік жазбаларын App Store және Google Play-да қайта тіркеу біраз уақытты алады, сондықтан Қосымша смартфоныңызда автоматты түрде Банктің еншілес құжаттарын қайта тіркегеннен кейін бір ай ішінде жаңа фирмалық стильде қосымшаны жаңарту функциясы арқылы жүктеледі. Ол уақытқа дейін қосымша бастапқы түрін сақтайды.

10. Сұрақ: Цеснабанкте төлем жүргізу, банктік қызмет көрсету мерзімдері өзгере ме?

Жауап: Ребрендинг Банктің операциялық жұмыстарына әсер етпейді. Банктің барлық өнімдері мен қызметтері штаттық режимде жұмыс істейді.

Егер Сізде қосымша сұрақтар мен ұсыныстар пайда болса 7711 нөміріне мобильді телефон бойынша Банктің тәулік бойғы колл-центріне хабарласа аласыз немесе client@tsb.kz электронды адресіне жаза аласыз.

Банкке қатысты барлық жаңалықтарды Банктің www.jysanbank.kz вэб-сайтынан немесе Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі банктің ресми парақшаларынан біле аласыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады