«Золотая Корона - Ақша аударымдары» - бұл Ресей аумағында, таяу және алыс шетелдерде 49 мыңнан астам пункті бар шот ашпай жедел ақша аударымдар қызметі. Қазіргі уақытта қызметке 550-ден астам банк қатысады.
Жүйенің артықшылықтары:
- Жылдамдық - ақша аударымын оны жібергеннен кейін бірнеше секунд ішінде алуға болады;
- Ыңғайлылық - тек аударым жіберілетін елді және қаланы көрсету жеткілікті. Алушының өзі аударымды беру үшін ыңғайлы пункті таңдай алады;
- Бақылау - сіз on-line режимінде аударымның мәртебесін «Золотая Корона - Ақша аударымдары» сервисінің сайтынан тексере аласыз;
- Қолжетімділігі - Ресей мен ТМД аумағында аударымдарды жүзеге асыру үшін комиссия ең төмендердің бірі болып табылады
Аударым валютасы - RUR, USD, EUR, KZT
Валюта аударымдары үшін арнайы тариф 0%:
Аударымды жіберу кезіндегі «Золотая Корона» сервисінің бағамы бойынша валюта айырбастау шартына сәйкес жүргізіледі. Банкте ақша аударымы кезінде ақша жөнелтуші алушыға ыңғайлы алу валютасын таңдайды *.
Jýsan Bank АҚ-тағы «Золотая Корона» аударымдары:
- Алушының ТАӘ бойынша аударымдар
- Шетелдік банктердің карталарына аударымдар (РФ банктері, Украина банктері).
«Золотая Корона - Ақша аударымдары»сервисінің аударымды таңдаған қаланың кез-келген ыңғайлы пунктінен ала аласыз. «Золотая Корона» аударымдары мекенжайын көрсетпей, нақты қабылдау пунктіне сілтеме жасамайды. Жіберуші аударым жасалатын елді және қаланы ғана таңдайды.
«Золотая Корона - Ақша аударымдары» қызметі туралы қосымша ақпаратты www.koronapay.com веб-сайтынан немесе +7 (495) 96-00-555 тәулік бойы қолдау көрсету қызметіне қоңырау соғу арқылы алуға болады (қоңыраулар байланыс операторының ережелеріне сәйкес тарифтелінеді).
* Аударым жасау кезінде әр ел үшін қолжетімді валюталар туралы ақпарат банктік оператормен тексерілуі керек.
«Золотая Корона» төлем жүйесінің операторы - «Төлем орталығы» РНКО (ААҚ), Ресей Федерациясы Орталық Банкінің 14.04.2014 ж. № 3166-К лицензиясы, 20.12.2012 ж. 0012 нөмірі. «Золотая Корона - Ақша аударымдары» қызметінде ақша аударымдары бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың толық тізімін koronapay.com веб-сайтынан табуға болады.